Тұрлаусыз мүшелерді ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні мен сыныбы

Қазақ тілі, 8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Баяндауыштың жасалу жолдары (слайд арқылы)

Жалпы мақсаты

Баяндауыш туралы білімді пысықтай отырып, баяндауыштың жасалу жолдары жөнінде жүйелі мағлұмат беру.

Оқу нәтижелері

  • Оқушылар баяндауыштың жасалу жолдарын меңгереді.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу мәдениеті мен сөздік қоры дамиды.

Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылықты дамыту және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпты кеңінен ашу.

Ресурстар мен дайындық

Дереккөздер

  • Қазақ тілі, 8-сынып оқулығы
  • Дидактикалық материалдар

Көрнекіліктер

  • Кеспе парақшалар
  • Бағалау парақшалары
  • PowerPoint презентациясы
  • A3 қағазы, маркерлер, стикерлер
  • Кері байланыс парақшалары

Оқуға арналған тапсырма

Көркем әдебиеттен баяндауыштың жасалу жолдарына мысалдар тауып, жазып келу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Жеті жұмбақ» ойыны арқылы сұрақ-жауап.

Тапсырма форматы: сұрақ-жауап
  1. 1. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  2. 2. Тұрлаулы мүшелерді ата. Сұрақтарын айт.

  3. 3. Бастауышты тап:

    «Әке көрген — оқ жонар,
    Шеше көрген — тон пішер.»

  4. 4. Баяндауышты тап, құрамына қарай талда:

    «Білегі жуан бірді жығады,
    Білімі толық мыңды жығады.»

  5. 5. Тұрлаусыз мүшелерді ата.

  6. 6. Үйірлі баяндауышқа мысал келтір.

  7. 7. Дара және күрделі баяндауышқа мысал келтір.

3) Мағынаны тану

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау: критерий арқылы

4) Жаңа сабақ

Баяндауыштың жасалу жолдарын сызба арқылы түсіндіру (слайдпен жұмыс).

Топтық жұмыс: «Кім тапқыр?»

Оқушыларға кеспе парақшалар таратылып, сөйлемдерден баяндауыштың жасалуына қарай мысалдар теріп жазылады.

І топ

Баяндауышы етістік және сын есім арқылы жасалған сөйлемдерді теріп жаз.

ІІ топ

Баяндауышы зат есім және сан есім арқылы жасалған сөйлемдерді теріп жаз.

ІІІ топ

Баяндауышы есімдік, көмекші етістік және еліктеуіш сөз тұлғасы арқылы жасалған сөйлемдерді теріп жаз.

Жаттығу жұмысы

Жаттығу ішіндегі сөйлемдер үш топқа бөлініп беріледі. Әр топ сөйлемдердегі баяндауышты тауып, құрамына қарай талдайды.

5) Шығармашылық жұмыс: «Ақылдың алты қалпағы»

Сұрақ: «Суретте не бейнеленген?» (Күз мезгілі)

Ақ қалпақ

Күз туралы нақты ақпарат пен фактілерді айтады.

Қара қалпақ

Логикалық тұрғыдан ойлап, күздің кем тұстарын (теріс жақтарын) сипаттайды.

Сары қалпақ

Позитивті көзқараспен күздің жақсы, көркем жақтарын айтады.

Жасыл қалпақ

Күз туралы шығармашылық жұмыс орындайды (идея, мәтін, бейнелі ой).

Қызыл қалпақ

Ішкі сезімге сүйеніп, әсерін білдіреді және қорытынды пікір айтады.

Көк қалпақ

Ойлау үдерісін басқарады: алдыңғы бес қалпақтың пікірлерін салыстырып, келісетін және келіспейтін тұстарын атап, түйін жасайды.

6) Сабақты бекіту

«Тыныс белгісін қой» тапсырмасы арқылы білімді бекіту.