Алғашқы қоңырау

Салтанатты жиын бағдарламасы

«Алғашқы қоңырау!» мерекелік жиынының жүргізілу тәртібі төмендегідей.

Жүргізушілердің ашылу сөзі

І жүргізуші

Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекелердің ең бастысы — асыға күтетін «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші

Мектеп деген — білім күні, жыр күні.
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — даналардың мекені.

І жүргізуші

Мектеп — еліміздің жаны мен қаны, білімнің нәрі мектептен басталады. Білім күніне арналған мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалсын!

Салтанатты ашылу

ІІ жүргізуші

Қазақстан Республикасының Ата заңының ______ жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, «Алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ту көтеру

ҚР Туын көтеру құрметі 11-сынып оқушыларына беріледі.

Әнұран

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Құттықтау сөздер

І жүргізуші

Бар мектептің басталар бүгін жыры, бақ қоңырау шақырсын ұғымдыны. Оқу жылы басталды, ұстаз бен шәкірт — құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Алғашқы мерекелік құттықтау сөз лицей директоры Амалбаев Таңат Қайнарбайұлына беріледі.

ІІ жүргізуші

Біздің алтын ұя мектебімізге, дарынды да талантты шәкірттерімізге ақ тілегін арнауға қадірлі, сыйлы қонақтар келіп, қуанышымызды бөлісіп отыр.

Мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі ________________________ беріледі.

Келесі құттықтау сөз ата-аналар атынан ________________ беріледі.

5-сынып оқушыларын қарсы алу

І жүргізуші

Алғаш келген бүлдіршін, құтты болсын қадамың. Төбеңде бейбіт күн күлсін, төмендемесін талабың.

ІІ жүргізуші

Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын жас бүлдіршіндеріміз — 5-сынып оқушылары. Олар сынақ емтиханынан сүрінбей өтіп, зеректігі мен талпынысының арқасында Бейнеу лицейіне қабылданды.

Қадамдарыңызға гүл бітсін, ақ жол болсын!

Ортаға 5-сынып оқушылары шақырылады.

Оқушылардың өлең жолдары

1-оқушы

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар, тағы бір —
Жаңа оқу жылы басталды.

2-оқушы

Ауданымыздың мақтан тұтар мектебі —
Бейнеу лицейі білім нұрын себеді.
Олимпиада, ғылыми жоба жарысында
шәкірттері оза шауып келеді.

3-оқушы

Математика пәнін сүйеміз,
Сырын ойға түйеміз.
Ұстаздарды ардақтап,
Құрметпен бас иеміз.

Осы кезде барлығы бірге бас иеді.

Ескерту: «______» белгіленген орындар ресми деректермен (жылдық мерейтой, лауазымды тұлғалардың аты-жөні) толтырылады.