Графикада сызықтар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы • №100 орта мектебі

Бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі: Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақтың мақсаты

  • Бейнелеу өнері туралы ой-өрісті кеңейтіп, қызығушылықты арттыру.
  • Оқушыларды суретші мамандығымен таныстырып, сұлулыққа тәрбиелеу.
  • Шығармашылық қабілетті дамыту.

Көрнекілік

Сурет құралдары, суретшілер және олардың шығармалары.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Тақта мен көрнекіліктерді дайындау.
  3. 3 Оқушыларды түгелдеу.
  4. 4 Үй тапсырмасымен жұмыс.
  5. 5 Жаңа сабақ.
  6. 6 Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын еске түсіру: сөзжұмбақ

Үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы қайталаймыз: цифрлардың орнына тиісті сөздерді қоямыз.

Болат үйге берілген тапсырманы орындау үшін сөмкесінен 1 алып, сурет нобайын 2 бетіне түсірді. Сосын бояуға 3 алып, ішінен 4 алып, дайын 5 қарап, 6 ішіндегі суға батырып, қатты жағылмас үшін 7 жағып, суретін аяқтады. Содан кейін артық сызықтарды 8 алып кетірді.

Жаңа сабақ: бейнелеу өнерінің салалары

Живопись

Живопись — бейнелеу өнерінің бай әрі кемел түрі. Онда сан алуан құралдар қолданылады.

Жанрлары:

  • Натюрморт — қозғалмайтын жансыз денелердің бейнесі.
  • Портрет — адам бейнесін суреттеу.
  • Пейзаж — табиғатты (тау, теңіз, орман, дала, өзен) бейнелеу.
  • Тақырыптық картина — белгілі бір оқиға не идеяға құрылған шығарма.

Графика

Графика — қарындашпен, тушьпен салынған суреттер, гравюралар және өзге де графикалық жұмыстар. Ақ-қара да, түрлі-түсті де болуы мүмкін.

Графикада сызық, штрих және әртүрлі дақ қолданылады.

Түрлері:

  • Гравюра — ақ-қара немесе түрлі-түсті болады.
  • Литография — қарындаш пен тушь қолданылатын тәсіл.
  • Линогравюра — линолеум арқылы орындалатын гравюра түрі.

Сәулет

Сәулет өнері — адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, кешендер.

Тұрмыстық

Үйлер.

Кәсіби

Зауыт, фабрика, вокзал.

Шаруашылық

Гараж, сарай.

Қоғамдық

Мектеп, музей, аурухана.

Мүсін

Мүсіндегі басты құрал — аумақты форма. Ол жұмысты жан-жағынан толық қарап бағалауға мүмкіндік береді.

  • Статуя — адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы.
  • Композиция — бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік шығарма.
  • Рельеф — жазық бетте орналасқан, бір қырынан жақсы көрінетін мүсіндік бейне.
  • Барельеф — жартылай сомдалған, жазық бетінен аздап шығып тұратын рельеф.

Қосымша техникалар

Аппликация

Қағаз не мата бетіне желіммен жапсыру арқылы белгілі бір заттың бейнесін жасау.

Монотипия

Әйнек пен қатырма қағаз бетіндегі суретті бастырып алуға негізделген көшірме.

Қорытынды және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Бейнелеу өнерінің негізгі салаларын қайталап, олардың ерекшеліктерін ажырату.

Үйге тапсырма

  • «Бейнелеу өнері» тақырыбы бойынша қысқаша мазмұндама дайындау.
  • Сурет құралдарын дайындап келу.