Құрмаштың әкесі

Сабақ тақырыбы

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

Сабақ типі

Қорытынды-қайталау

Сабақ түрі

Білімді жинақтау, бекіту

Оқыту нәтижесі

Тақырыпты меңгеріп, білім қорын М. Әуезовтің шығармашылығы мен нақыл сөздері арқылы толықтыру

Мақсаты

  • «Көксерек» әңгімесінде табиғат пен адам тағдыры қатар суреттелетінін негізге алып, алған білімді жүйелеу; басты кейіпкерлердің іс-әрекетін автор көзқарасымен байланыстыра талдау.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілетті дамыту; аң мен адам арасындағы тартыс арқылы тіршілік үшін күрестің мәнін ашу, ізденімпаздыққа баулу; өз ойы мен пікірін дәлелдеп қорғауға үйрету.
  • Қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу; табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің орны ерекше екенін ұғындыру; табиғат пен адам арасындағы үздіксіз байланысты түсіндіру және адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Әдістері мен ресурстар

Әдісі

Сұрақ-жауап, «Поэзия минуты», түсіндіру, баяндау, ой қозғау, талдау, суреттеу, жоба қорғау

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, ән-әуез

Көрнекілігі

Жазушының шығармалар жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттер, интерактивті тақта, презентация

Сабақ құрылымы оқушының ойлауын белсендіруге, пікірталасқа және талдауға негізделеді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • 1 Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • 2 Флеш-тренинг: «Сәлемдесу». Оқушылар шеңберге тұрып, жұптасады және мұғалімнің жетекшілігімен әр елдің амандасу үлгілерін көрсетеді:
    • Үнді елі: екі қолды маңдайға жақындатып, иіліп сәлемдесу.
    • Тайвань: бір-бірінің мұрнын жеңіл уқалап амандасу.
    • Қазақтар: төс қағыстырып амандасу.
  • 3 Топқа бөлу: оқушылар қағаз қиындыларын біріктіріп, суретті құрастыру арқылы топтарға бөлінеді. Суреттерде Құрмаш, Көксерек, әже, Қасен бейнелері болуы тиіс.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Мен білемін» әдісі арқылы пысықтау. Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп, ұпай жинайды. Жұмыс барысында тыныш, жағымды әуен қойылады.

Тест сұрақтары

  1. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден озды?
    A) 1893–1938 Б) 1846–1945 В) 1897–1961
  2. Мына шығармалардың қайсысы М. Әуезовтікі?
    A) «Тарланым» Б) «Аягөз, қайда барасың?» В) «Жетім»
  3. М. Әуезовтің қай шығармасы арқылы қазақ халқы бүкіл әлемге танылды?
    A) «Еңлік–Кебек» Б) «Абай жолы» В) «Хан Кене»
  4. «Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Ертегінің көкжалы…» деп Көксеректі суреттеу әңгіменің қай бөлімінде?
    A) 2 Б) 3 В) 4
  5. Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?
    A) 2 Б) 3 В) 5
  6. «Қуарған-ай, неңді алып едім? … Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?» — деп Көксеректі тепкен кім?
    A) Қасен Б) Әжесі В) Құрмаш
  7. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездесті?
    A) Ауылда Б) Қой бағып жүргенде В) Серуендеп жүргенде
  8. «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!» — деген кімдер?
    A) Қасен Б) Бейсенбек В) Ауыл адамдары
  9. «Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп, көзін ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің!» — деген кім?
    A) Қасен Б) Әжесі В) Құрмаштың әкесі
  10. Көксеректі жеңген төбеттің аты:
    A) Ақтөс Б) Аққасқа В) Ақтан

Жауап кілті

1 – В; 2 – В; 3 – Б; 4 – В; 5 – Б; 6 – Б; 7 – Б; 8 – В; 9 – Б; 10 – Б.

Өзара бағалау

Дұрыс жауап саны бойынша нәтиже шығару және кері байланыс беру.

III. Негізгі бөлім

«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттасам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп алып жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов».

— Шыңғыс Айтматов

«Мұхтар Әуезов — ХХ ғасырдың аса ұлы жазушыларының бірі».

— Луи Арагон (француз жазушысы)

Бұл сабақта оқушылар тек өткен шығармаларды қайталап қана қоймай, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, талдап, қорытынды жасайды. Әуезовтің әр сөзіне үңілу — әдебиетке ғана емес, өмірдің нұры мен сырын танығысы келетін әр азаматқа ортақ жауапкершілік.

Шығармашылық жұмыс

«Мен білетін Әуезов» тақырыбында топтық жұмыс: әр топ слайд-презентация дайындап, қорғап ұсынады.

Топтастыру стратегиясы

«Ұлы Әуезов» ұғымын жан-жақты ашу:

Ақын Жазушы Драматург Ғалым Аудармашы Философ Зерттеуші Академик Қоғам қайраткері

Ой қозғау және талдау

Шығарманы жан-жақты талдау: әр топ кластер құрастырып, әңгіменің тақырыбы мен идеялық өзегін ашады.

Қорытынды

«Кім кінәлі?» (жуан-жіңішке сұрақтар)

  • Көксерек неге Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен тез бауырласты?
  • Қасқырлардың іс-әрекеті мен адамдардың іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
  • Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
  • Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?

Үй тапсырмасы

Жазба жұмысы

«Көксерек — табиғаттың тағы перзенті» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Бағалау және кері байланыс

Топ көшбасшылары топ мүшелерінің қатысу белсенділігі мен жұмыс сапасына қысқаша талдау жасап, нәтижені қорытындылайды.