Жайық сөзіне сатылай кешенді талдау

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Табиғаттағы су туралы мағлұмат беру; алған білімді күнделікті өмірдегі бақылаулармен байланыстырып, салыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық

Судың адам өміріндегі маңызы және оны қорғау туралы ойларын қалыптастыру; ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, табиғатқа жанашыр болуға, ресурсты үнемдеудің тиімділігін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау, сабақ ережесін қысқаша еске түсіру.

II. Жаңа сабақ

1-қадам

«Ой қозғау» стратегиясы

Негізгі ұғым

Судың қасиеттері

Оқушылардан су туралы не білетіндері сұралады. Тақтада оқушылардың жауаптары жинақталады:

  • Түссіз
  • Мөлдір
  • Сұйық
  • Ағады
  • Жұғады
  • Басқа да қасиеттері бар

2-қадам

Оқулықпен жұмыс және карта арқылы түсіндіру

Картадан су орналасқан аймақтар көрсетіледі. Оқушыларға Жайық өзені туралы қысқаша мәлімет беріледі. Сонымен бірге «Жайық» сөзіне сатылай кешенді талдау ұйымдастырылады:

  1. 1) Анықтама

    Нысанның не екенін қысқаша тұжырымдау.

  2. 2) Тану

    • 2.1) Географиялық орны
    • 2.2) Ағысы
    • 2.3) Қоректенуі
  3. 3) Салыстыру

    Басқа өзендермен ортақ және айырмашылық белгілерін табу.

  4. 4) Экологиясы

    Суды ластанудан қорғау, ұқыпты пайдалану туралы ой қорыту.

  5. 5) Нәтиже

    Талдаудан шыққан негізгі қорытындыны қысқаша айту.

3-қадам

Шығармашылық жұмыс

«3» санына сатылай кешенді талдау орындалады. Оқушылар «су — тіршіліктің негізі» деген ойды дәлелдеп, табиғат құбылыстарының сумен байланысын мысалдар арқылы талдайды.

4-қадам

«Сен білесің бе?» айдары: су туралы таңғажайып деректер

1) Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге шамамен 2–3 литр су жұмсайды. Зерттеулер бойынша адам ағзасының 2/3 бөлігі судан тұрады.

Сұрақ-жауап

Краннан бір кесе су алдың. Оны ішуге бола ма? Жоқ. Неге? Себебі су құбырлары тат басуы немесе тесілуі мүмкін; сол жерлерден су ластанып, ішінде микробтар мен зиянды заттар кездеседі.

2) Жер шарының 3/4 бөлігі судан тұрады. Мұхиттар Жердегі судың шамамен 97%-ын құрайды. Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары бірігіп 350 млн км² аумақты алып жатыр.

3) Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит — Тынық мұхиты. Ең үлкен көл — Каспий теңізі.

4) Қазіргі Солтүстік Мұзды мұхит шамамен 5 млн жыл бұрын алып көлге ұқсас болып, оның суы тұзсыз әрі пайдалануға жарамды болған деген ғылыми болжам бар. 2004 жылы мұхит түбінен бұрғыланып алынған үлгілерді зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келген.

5-қадам

Сергіту сәті

Елді сүйген баламыз,
Білімнен нұр шашамыз.
Әлкей, Қаныш атадай
Көп жаңалық ашамыз.

Біз талапты баламыз,
Оқып-білім аламыз.
Судың сырын ұғынып,
Есте сақтай аламыз.

6-қадам

«Ойлайық та ойнайық»: ұйқас табу

Берілген өлең жолдарының ұйқасын табу (сөздерді орнына қойып оқу).

Су дегенің немене?
Достым, білгің келеді ме?
Су — табиғат баласы,
Су — өмір анасы.
Сусыз — тіршілік
Жоқ болса,
Дейміз оны үнемдеп жұмса!

Керекті сөздер

үнемдеп келеді тіршілік өмір табиғат

7-қадам

Сарамандық жұмыс: сүзу тәжірибесі

Мұғалім сұрақ қояды: «Жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?» Оқушылар: «Топыраққа сіңіп кетті». Түсіндіру: топырақ қабатынан өткен су белгілі бір деңгейде сүзіліп, тазарады.

Қорытынды: су сүзіледі.

8-қадам

«Кім көп біледі?» ойыны

Оқушылар суға қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысады. Мысалы:

  • «Судың да сұрауы бар.»
  • «Су — тіршілік көзі.»

9-қадам

Дәптермен жұмыс

«Су» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру тапсырмасы орындалады.

III. Қорытынды

Қайталау және қорытындылау сұрақтары арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі:

  • Судың үш түрлі күйі қандай?
  • Су қандай жағдайда буға айналады?
  • Қандай температурада су сұйық күйден қатты күйге айналады?

IV. Үй тапсырмасы

«Мен суды қорғауға дайынмын» тақырыбында ой толғау жазу.

V. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады; жауап беру белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына назар аударылады.