Кезең ережесі
Кіріспе
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және сайысқа қатысушы сыныптардың жанкүйерлері! «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Үлгілі сынып – мектеп тірегі» сыныпаралық байқауына қош келдіңіздер! Уақыт оздырмай, сайысымызды бастайық.
Қатысушылар
8-сынып намысын қорғайтын оқушылар.
Қатысушылар
9-сынып намысын қорғайтын оқушылар.
Қатысушылар
10-сынып намысын қорғайтын оқушылар.
Әділқазылар алқасы
Ендігі кезекте әділқазылар алқасымен танысайық:
-
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Аты-жөні көрсетіледі
-
Математика пәні мұғалімі
Аты-жөні көрсетіледі
-
География және биология пәндерінің мұғалімі
Аты-жөні көрсетіледі
Сайыс құрылымы және бағалау
Бүгін 8–9–10 сынып оқушылары жоғарыдағы кезеңдер бойынша сайысқа түседі. Әр кезеңнің нақты шарттары сайыс барысында хабарланады. Жеңімпаз сыныпқа «Жылдың үлгілі сыныбы» атағы беріледі.
1-кезең: «Сәлемі түзу сынып»
5 баллСыныптардың сәлемдесуін және өзін таныстыруын тамашалаймыз. Әр команда өз сыныбының ерекшелігін қысқа әрі нұсқа жеткізеді.
Жүргізуші: Олай болса, алғашқы сыныпты тамашалаңыздар. Ұпай саны анықталады.
2-кезең: «Біздің сынып – мектептің мақтанышы» (слайд)
5 баллБұл кезең үй тапсырмасы ретінде берілді. Ереже бойынша слайдты сынып атынан бір оқушы қорғайды. Уақыт мөлшері: 1–3 минут. Материал тақырыпты жан-жақты ашуы тиіс.
Жүргізуші: Ендеше, келесі сыныптың слайдын тамашалайық. Ұпай саны анықталады.
3-кезең: «Өнерлі өрендер сыныбы»
Бағалау: әділқазы шешімі«Жігітке жеті өнер де аз», «Өнерді үйрен де, жирен» — халық даналығы өнердің қадірін айқындайды.
Ереже: сынып оқушылары кез келген жанрда ән немесе би өнерін ұсынады.
Жүргізуші: Олай болса, сыныптың өнерін тамашалайық. Ұпай саны анықталады.
4-кезең: «Көңілді тапқырлар сыныбы» (КВН)
5–8 минут«Қайғың – қыс, жүзің – жаз, боласың көрсең мәз…» — көңілді тапқырлықпен алға басайық.
Ереже: «Мектеп әлемі» тақырыбында әзілге толы көрініс (КВН) құрастыру. Уақыт: 5–8 минут.
Жүргізуші: Олай болса, сыныптың әзілдерін тамашалайық. Ұпай саны анықталады.
5-кезең: «Шеберлер сыныбы» (қолөнер)
Таныстыру: 1 оқушыӘр сынып өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынады және жасалу жолын түсіндіреді. Бұл бөлімде де сынып атынан бір оқушы таныстырады.
Жүргізуші: Олай болса, сыныптың қолөнер бұйымдарын тамашалайық. Ұпай саны анықталады.
6-кезең: Ситуациялық сұрақтар
3 балл · 1 минутТақырып: ұстаз бен шәкірт арасындағы келеңсіз жағдайлар және оларды шешу жолдары. Ереже: сынып оқушылары ұсынылған сұрақтардың бірін таңдап, ситуацияға логикалық үш жауап береді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Бағалау 3 балдық жүйемен жүргізіледі.
Сұрақ 1
Сендердің сыныптарыңа қарама-қарсы кабинетте өздеріңнен жоғары сынып оқушылары оқиды. Сендердің сыныптарың шығарма жазып немесе тест тапсырып жатыр. Ал, қарсы кабинеттегі оқушылар қатты шулап отыр. Сол сәттегі іс-әрекеттерің қандай?
Үлгі жауаптар
- Кабинет есігін жауып, жұмысымызды жалғастырамыз.
- Мұғалімге хабарлаймыз.
- Үлкен сыныпқа дөрекілік танытып, бұйрық раймен сөйлеспейміз.
Сұрақ 2
Сыныптастарыңның бірі пән мұғалімдерімен жиі келіспей қалады. Оның ойынша, мұғалімдер үнемі тек өзінен ғана сұрай береді. Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Үлгі жауаптар
- Ұстаздың сұрауы — білімді арттыруға мүмкіндік екенін түсінеміз.
- Сыныптасымызға әр сабаққа тыңғылықты дайындалуға көмектесеміз.
- Сабырлы, мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруды ұсынамыз.
Сұрақ 3
Сынып жетекшілерің — мектепке енді ғана келген жас маман. Тәжірибесі аз болғандықтан, жетекшілікке икемі әлі қалыптаспаған. Сендер оның сынып жетекшілігінен ауысқанын қалар ма едіңдер?
Үлгі жауаптар
- Жетекшіміздің кемшілігін бетке баспай, қолдау көрсетеміз.
- Жұмысын жеңілдетуге көмектесіп, қажет кезде жол көрсетеміз.
- Тәрбие сағаттары мен ашық сабақтарда ашық пікірлесіп, ынтымақтастық орнатамыз.
Жүргізуші: Сыныптарға сәттілік! Ұпай саны анықталады.
Түйін ой
Леонардо да Винчи: «Өз ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт — бейшара».
Ұстазды құрметтеу — адамгершіліктің өлшемі. Қандай жағдай болмасын, мұғалімнің еңбегін бағалап, мәдениетті диалог құру — әр оқушының басты парызы.
Қорытынды және марапаттау
Құрметті әділқазылар және көрермендер, бүгінгі сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық сыныптарға алғысымыз шексіз! Жеңімпазға «Жылдың үлгілі сыныбы» атағы табысталады.
Жүргізуші: Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!