Сабақтас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиет
- Мұғалім
- Амангельдина А. А.
- Сынып
- 8-сынып
- Тоқсан
- III
- Сабақтың тақырыбы
- Сабақтас құрмалас сөйлем
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Көрнекіліктер
- Кеспе қағаздары, слайд
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлемнен ажырата білу.
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
- Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату дағдысын дамыту.
- Сөйлем мүшелеріне талдау жасау білігін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ана тілін қадір тұтуға баулу.
- Ізденімпаздық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру.
- Оқу құралдарының дайындығын бақылау.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Зымыран сұрақтар» (әуен: «Адай күйі»)
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі қандай?
- Жалғаулық шылаулардың түрлерін атаңдар.
- Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
- Қарсылықты салалас дегеніміз не?
- Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
- Себеп–салдар салалас дегеніміз не?
- Талғаулы салалас дегеніміз не?
- Кезектес салалас дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту: семантикалық карта
Төмендегі мысалдарды талдап, құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыздар.
IV. Жаңа сабақтың мақсатын қою
- Тақтаға бүгінгі күнді жазу.
- Құрмалас сөйлемнің тағы бір түрімен танысу: сөйлем құрылымын зерделеу, жай сөйлемдердің байланысу жолына назар аудару, олардың «құпиясын» ашу.
- Бүгінгі мақсат: салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажырата білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгеру.
Жаңа сабақ: сабақтас құрмалас сөйлем
Негізгі анықтама
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлем түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Сабақтаста бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз алдына жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағынып тұрады.
Мысалдар
Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.
Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.
Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
Бағыныңқы бөлік (тиянақсыз)
- Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, ...
- Машина жолда бөгелмесе, ...
- Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, ...
Басыңқы бөлік (тиянақты)
- ... кең даланы сұлу сағым басты.
- ... тура үш сағатта барып қаламыз.
- ... жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
Негізгі ұғымдар
Бағыныңқы сөйлем — құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі; баяндауышы тиянақсыз болғандықтан, өз алдына бөлек айтуға келмейді.
Басыңқы сөйлем — құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі; баяндауышы тиянақты болғандықтан, өздігінен дербес айтыла береді.
Сызба (жалпы үлгі)
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының толық нұсқасы оқу материалдары/слайд арқылы ұсынылады.