VII Сабақты бекіту
Одағай сөздер туралы түсінік
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың типі
Жарыс сабақ
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих
Сабақтың мақсаты
- 1 Оқушыларға одағай сөздер туралы түсінік беру, қолданысын түсіндіру, сөз таптары бойынша білімдерін пысықтау.
- 2 Білік-дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
- 3 Ұйымшылдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Негізгі ұғым: одағай дегеніміз не?
Одағай — толық мағынасы жоқ, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін және малды, жануарларды шақыру мақсатында қолданылатын сөздер.
Одағай сөздердің ерекшеліктері
- Дербес лексикалық мағынасы болмайды.
- Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан үтір арқылы оқшауланып тұрады.
- Сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Көп жағдайда басқа тілге дәлме-дәл аударылмайды.
- Адамның түрлі көңіл күйін, сезімін білдіреді.
Одағайдың түрлері
1) Көңіл күй
Мысалдар: алақай, туһ, апыр-ай
2) Ишарат
Мысалдар: жә, тәйт
3) Шақыру
Мысалдар: моһ-моһ, пұшайт-пұшайт
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Түгендеу.
- Сабаққа назар аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру (шылау сөздер)
Шылау дегеніміз не?
Шылаулар мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Септеулік шылаулар қандай септіктерге тіркеседі?
Жалғаулық шылаулар қандай мағына береді?
Демеулік шылауларға мысал келтір.
Дефис арқылы жазылатын шылауларды ата.
Да/де/та/те шылауларын жатыс септік жалғауынан қалай ажыратамыз?
Мен/бен/пен шылауларының емлесі.
III. Жаңа сабақ
Жетелеуші сұрақ
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап шығыңдар.
Бақылау
Түсіндіруге кіріспес бұрын суреттерге назар аударып, адамның көңіл күйі мен сезімін білдіретін сөздерді анықтайық.
IV. Оқулықпен жұмыс
256-жаттығу
Мысал одағайлар: әй, ә, ойпырым-ай, ойбай, апыр-ай, е-е-е, қап, уа, пәлі.
Тапсырма: сөйлемдерді талдау.
V. Топтық жұмыс
1) Көрініс қою
Одағайларды орынды қолдана отырып шағын көрініс дайындау.
2) Сурет бойынша мәтін құрастыру
Мәтінге одағай сөздерді кірістіріп жазу.
VI. Сәйкестендіру: төрт түлік малды қалай шақырамыз?
| Мал | Шақыру одағы |
|---|---|
| Қой | әукім-әукім |
| Жылқы | шөре-шөре |
| Түйе | пұшайт-пұшайт |
| Ешкі | құрау-құрау |
| Сиыр | көс-көс |
Қосымша сұрақ
Төрт түлік туралы не білеміз? Олардың пірлерін атаңдар.
VII. Сабақты бекіту
1) Кеспе қағаз тапсырмасы
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөзді қой.
- 1) ..., мына атқа мінер ме еді!
- 2) ..., Сүйіндік аға, оңыңыз жақсы ақыл екен.
- 3) Көре алмай қалдым-ау, ...!
- 4) ..., қандай тымырсық түн!
- 5) ..., емтиханнан «5» алдым!
- 6) ..., сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық.
- 7) Киноактер болсам ғой, ...!
- 8) ..., сен қашан келдің?
2) Семантикалық карта
Одағайларды түріне қарай топтастыр.
Көңіл күй
Ишарат
Шақыру
VIII. Үй жұмысы
- Ережені оқу.
- 257-жаттығу.
IX. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып бағалау жүргізіледі.
Автор туралы
Өңірі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Мектеп
№18 орта мектеп
Пәні
Қазақ тілі және әдебиеті
Ауданова Жадыра Туленбайқызы