Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау

Балабақша көшбасшысы

Бұл ашық шараның мақсаты — балалардың заман талабына сай әр сала бойынша білімін кеңейтіп, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойына сіңіре отырып, олардың тапқырлығы мен шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау көзделеді.

Сонымен қатар сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру, белсенділігін арттыру, жарысуға және жеңіске ұмтылдыру маңызды орын алады. Шара балалардың көшбасшылық қабілетін оятып, білімді, дарынды, озық болуға және алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелейді.

Керекті құралдар

  • Тапсырмаларға арналған слайдтар
  • Суреттер
  • Есеп амалдары жазылған карточкалар
  • Әуенді музыкалар

Ашық шараның жүру барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті сайыс қонақтары мен балалар! Бүгінгі «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ — ел тірегі» демекші, бүгін ересек және мектепалды даярлық топтар арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.

Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық. Әр тур бойынша балалардың жинаған ұпайлары есептеліп отырады. Әр турдың қорытындысында ұпайы аз қатысушы сайыстан шығып отырады.

Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер —
Алға қойған мақсатың, ісің барда!

Сайыстың бөлімдері

Бүгінгі сайыс 6 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын:

  1. I бөлім: Бәйге
  2. II бөлім: Жеті жұрттың тілін біл
  3. III бөлім: Қызықты тоғыздық
  4. IV бөлім: Көкпар
  5. V бөлім: Жорға
  6. VI бөлім: Жүзден жүйрік

I бөлім: Бәйге

Мықты болсаң — алдыңғыны басып оз,
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт!

Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап беруі керек. Жауап бергісі келген бала алдына қойылған тетікті басады — тетік басылмаса, жауап қабылданбайды. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі бала жауап бере алады.

Әр дұрыс әрі нақты жауап үшін 5 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. 1. Біз қай Республикада тұрамыз? — Қазақстан Республикасында.
  2. 2. Бағдаршамның түстерін ата. — Қызыл, сары, жасыл.
  3. 3. Бір аптада неше күн бар? — Жеті.
  4. 4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? — Астана.
  5. 5. 16 желтоқсан қандай мереке? — Тәуелсіздік күні.
  6. 6. Біз қай қалада тұрамыз? — Атырауда.
  7. 7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? — Әріп.
  8. 8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік — бұлар нелер? — Жемістер.
  9. 9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? — Бес: таңертең, түскі уақыт, бесін, кеш, түн.
  10. 10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп — бұлар нелер? — Көкөністер.
  11. 11. Сөздер неге бөлінеді? — Буынға.
  12. 12. Жыл басына нелер таласты? — Хайуанаттар.
  13. 13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? — Күннен.
  14. 14. Мақалды жалғастыр: «Отан — оттан да …» — ыстық.
  15. 15. Қазақстан Республикасының Президенті кім? — Н. Ә. Назарбаев.
  16. 16. Төрт түлік малды ата. — Қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі.
  17. 17. Сөйлем неден құралады? — Сөзден.
  18. 18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Екіге: дауысты және дауыссыз.
  19. 19. Түйенің төлі қалай аталады? — Бота.
  20. 20. Құйрығы екіге айырылған құс? — Қарлығаш.
  21. 21. Адамның көру мүшесі? — Көз.
  22. 22. Аяз ата қай мерекеде келеді? — Жаңа жылда.
  23. 23. Қыста ұйқыға кететін аң? — Аю.
  24. 24. Тудың түсі қандай? — Көк.
  25. 25. Нанды қайда пісіреді? — Наубайханада.

II бөлім: Жеті жұрттың тілін біл

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Қадыр Мырза Әлі айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

Бұл турда жұмбақтар жасырылады. Қатысушылар оның шешуін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтуы керек. Жауап тетік басылғаннан кейін ғана қабылданады.

Ұпай қою тәртібі

  • 2 тілде жауап берсе — 5 ұпай
  • 3 тілде жауап берсе — 10 ұпай

Жұмбақтар

  1. 1) Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады.

    Жауабы: аю — медведь — bear

  2. 2) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

    Жауабы: су — вода — water

  3. 3) Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді.

    Жауабы: қар — снег — snow

  4. 4) Жұдырықтай қызыл шар, тіл үйірер шырын бал.

    Жауабы: алма — яблоко — apple

  5. 5) Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ.

    Жауабы: тұз — соль — salt

  6. 6) Жеті қазынаның бірі — адамды күзетіп жүретін дос.

    Жауабы: ит — собака — dog