Мысалдың авторы кім

Әдебиеттік оқу • 4-сынып

Сабақ тақырыбы: «Шыбын мен Көбелек»

Мақсаты

Оқу материалын кемінде 63% деңгейінде меңгерту арқылы оқушылардың логикалық және сыни ойлау жылдамдығын, сөздік қорын және ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты арттырып, жетістікке ынталандыру.

Міндеттері

  • Технологиялық картаның регламентін сақтау.
  • Қойылған мақсатқа жүйелі түрде жету.

Көрнекілігі

  • С. Оспановтың суреті.
  • Кілт сөздер жазылған плакат.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жинақтап, сыныптың назарын сабаққа аудару. Сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін қысқаша таныстыру.

I кезең: өткен сабақ бойынша сұрақтар

«Сапар мен Парта» мәтіні бойынша оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

Қарама-қарсы сұрақтар (20)

Негізгі ұғымдар: диалог, монолог, мысал жанры, негізгі ой.

  1. Диалог деген не?
  2. «Сапар мен Парта» мысалын кім жазды?
  3. Парта кімге қарады?
  4. Сапарға Парта қалай қарады?
  5. Сапар Партаның бетіне не істеді?
  6. Сапар партаға кімнің атын жазды?
  7. Сызып, шимайлағаннан кейін партаның жағдайы қандай болды?
  8. Парта мектепке қашан әкелінді?
  9. Алғаш әкелінген кезде партаның күйі қандай еді?
  10. Парта Сапарға қандай жақсылық жасады?
  11. Сапар партаны қай жерінен ұстап сүйреді?
  12. Парта Сапарға неге ренжіді?
  13. Сапар өз кінәсін мойындады ма?
  14. Мысал дегеніміз не?
  15. Монолог дегеніміз не?
  16. Сапардың ісі дұрыс болды ма?
  17. Сыныпқа кіргенде Сапарға не қарады?
  18. Парта Сапарға неге аларып қарады?
  19. Мектеп жиһазын қалай ұстау керек?
  20. Мысалдың негізгі ойы неде?

Жаңа тақырыпқа кіріспе: жұмбақ шешу

Жұмбақ 1

Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.

Жауабы: көбелек

Жұмбақ 2

Ас көрсе — ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.

Жауабы: шыбын

Демек, бүгінгі тақырыбымыз — «Шыбын мен Көбелек». Мысалдың авторы — Сейітқұл Оспанов.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Сейітқұл Оспанов Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, сондай-ақ «Зерде», «Парасат» журналдарында қызмет атқарған.

«Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі» атты прозалық кітаптардың авторы. Сабақ барысында автордың суреті көрсетіледі.

II кезең: есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту

Оқушыларға 7 кілт сөз ұсынылады. Мақсат — сөз мағынасын нақтылап, мәтінмен байланыстыру.

Кілт сөздер (7)

  • 1. Масаттанасың
  • 2. Жуыссаң
  • 3. Қауыз
  • 4. Сұғанақ
  • 5. Жұқсыз
  • 6. Сапалақ
  • 7. Мүшкіл

III кезең: мәтін бойынша сұрақтар

Оқу қарқынын қалыптастыру: 1 парақ — 4 минут. Оқылымнан кейін жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі.

Қарама-қарсы сұрақтар (20)

  1. Шыбын қай жерде отырды?
  2. Шыбын нені көрді?
  3. Шыбын көбелекке не деп айқайлады?
  4. Көбелек «не істеп жүрмін?» деп қалай жауап берді?
  5. Шыбын неге күлді?
  6. Көбелек гүлдің жұпар иісін неден артық деді?
  7. «Гүлдің иісін қорек қылсаң не болады?» — деді шыбын.
  8. Шыбын «рақаттың бәрі неде?» деді?
  9. Мысалдың авторы кім?
  10. Шыбын не деп мақтанды?
  11. Шыбын дастарханға бірінші жайғасып, өзін кімдей сезінді?
  12. Тамаққа тойған соң шыбын үй иелеріне нені көрсетпек болды?
  13. Шыбын көбелекке «халің қалай?» деді ме?
  14. Көбелекті қуған балалар оған не лақтырады?
  15. Көбелек шыбынға неге «бекер масаттанба» деді?
  16. Көбелек өзін қандаймын деді?
  17. «Өмір қысқа болса да, өкінбеймін» — деп көбелек неге айтты?
  18. Көбелек қайда ұшып кетті?
  19. Шыбынды үйден кім қуып шықты?
  20. Бүгін Сейітқұл Оспановтың қай мысалын өттік?

IV кезең: сыни ойлауға арналған тапсырма

Оқушылар берілген тұжырымдардың дұрыстығын тексереді: дұрыс болса — дәлелдейді, қате болса — түзетеді.

Тұжырымдар (20)

Мақсат: дәлелдеу, салыстыру, мәтінмен жұмыс.

  1. Терезенің алдында көбелек отырды.
  2. Көбелекті көрген шыбын айқай салды.
  3. Шыбын көбелекке «бұл жерден кет» деді.
  4. Көбелек шыбынға гүлдің иісін иіскеп жүргенін айтты.
  5. Шыбын «гүл тамақ бола ма?» деп күлді.
  6. Көбелек гүлдің иісі тамақтан артық деді.
  7. Шыбын «гүл иіскеп қорек қылғаның дұрыс» деді.
  8. Шыбын «барлық рақат гүл иіскеуде» деді.
  9. Шыбын «не ішсем де, не жесем де — бәрі қолымда» деді.
  10. Шыбын «үй иелеріне әуезді ән орындап беремін» деп мақтанды.
  11. Шыбын өз өмірін нашар деп бағалады.
  12. «Шыбын мен көбелек» мәтіні — ертегі.
  13. Жаңбыр жауса, көбелек жаңбырды қызықтап айналып ұшады.
  14. Көбелек шыбынға «жұқсың, сұғанақсың» деді.
  15. Адамдар шыбынды сыйлайды, жақсы көреді.
  16. Балалар көбелекті қызық үшін қуады.
  17. Көбелек бау-бақша мен даланың қасында жүреді.
  18. Көбелек үйіне кіріп кетті.
  19. Жұмыстан келген бір ер адам шыбынды өлтіреді.
  20. «Сұғанақ» сөзі «сүйкімсіз» деген мағына білдіреді.

V кезең: сөздік қорды тексеру

Жазылым тапсырмасы

5 минут ішінде жаңа тақырып бойынша шағын мәтін жазу. Жұмыс көлемі: кемінде 44 сөз.

Сабақты қорытындылау

Сабақ соңында оқу мақсатына жету деңгейі талданып, оқушылардың жауаптары негізінде кері байланыс беріледі.

  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.