Балалар ненің суретін көріп тұрмыз
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекет түрі
Сауат ашу
Сабақ тақырыбы
Қ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты
- Қ дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру, сауатты жазуға машықтандыру.
- Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, оқуға деген белсенділікті арттыру.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Кеспе әріптер
- Буындар
- Жаңа сөздер жазылған кесте
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы
Кіріспе: амандасу және көңіл күй
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық, жамандықты тастайық.
Көңіл күйіміз жақсы болса, сабақты көтеріңкі көңілмен бастайық.
Сұрақ-жауап: жыл мезгілі
- Қазір қай жыл мезгілі? Күз.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Күз мезгілінде неше ай бар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Қонаққа келген бейтаныс әріп
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің топқа бейтаныс әріп қонаққа келіпті. Ол өзінің қандай әріп екенін айтпады. Ендеше, сөзді қонаққа берейік.
Әріп: Балалар, мен қаладан келдім. Ондағы өздеріңдей балалардың сендерге жолдаған өтініш-тапсырмаларын ала келдім. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен өзімнің қандай әріп екенімді айтамын.
I тапсырма: суреттермен жұмыс
От, орақ, орамал суреттерін атаңдар. Сөздерді буынға бөліңдер, алғашқы дыбысын атаңдар және сол әріпті әріп кассасынан көрсетіңдер.
II тапсырма: буындарды оқу
Кеше өткен О дыбысы дауыссыз дыбыстармен бірге айтылады, оларды бір-бірінен бөліп оқуға болмайды. Мына буындарды дұрыс оқыңдар:
III тапсырма: дыбыстық талдау
ОРАН, ОЙНА, ОЙЛА сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.
Жарайсыңдар! Қонақ әріптің бірнеше тапсырмасын дұрыс орындадыңдар.
Негізгі бөлім: жаңа сабақ
Ойын: «Сиқырлы сандар»
Қазір «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз. Егер біз білімді әрі тәртіпті болсақ, сандардың нені жасырып тұрғанын білеміз. Ребусты шешкен сайын бір сан алынып, астынан түрлі суреттер шығады.
Сурет 1
Қайық
Басында естілетін дыбыс: Қ
Сурет 2
Аққу
Негізгі дыбысқа назар аударамыз.
Сурет 3
Қой
Сөздің басында: Қ
Сурет 4
Қасық
Сөздің басында: Қ
Демек, бүгін бізге келген бейтаныс қонақ — Қ әрпі. Қ дыбысын үш рет хормен қайталаймыз және оның дауыссыз дыбыс екенін анықтаймыз.
Жаңа білімді бекіту
- Қ дыбысына сөздер ойлау.
- Әріптің таңбасымен танысу.
Дәптермен жұмыс
Суретте не бейнеленгенін айтамыз: ұшақ, қобыз, тышқан. Осы мысалдар арқылы Қ дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін байқаймыз.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Жазу жұмысы: Қ әрпін жазу
Алдымен ауада жазып көрсетемін, содан кейін дәптерге жазамыз.
Буын құрау және оқу
Мысалдар: қа-ла, қо-ра, қу-ат.
Қорытынды
Қандай дыбыспен таныстық? Бүгін Қ дыбысы және Қ әрпімен таныстық.
Сабақ ұнады ма? Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
Қоштасу тілегі
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Сау болыңыздар!