Шопан еңбегі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Ана тілі (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Шопан еңбегі. «Саққұлақ»
Көрнекілік
Оқулық суреттері, слайдтар, бейнежазба
Әдістер
Сұрақ–жауап, сын тұрғысынан ойлау, проблемалық жағдаят тудыру

Сабақтың мақсаты

«Қысқы шопан» мәтінін оқыту арқылы шопан еңбегінің ауырлығын түсіндіру және оқушылардың дауысты дыбыстар туралы білімін бекіту.

Сабақтың міндеттері

1) Оқу дағдысын жетілдіру

  • Тұтас сөзбен жүгірте оқуды дамыту.
  • Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
  • Қысқы шопан еңбегінің ауырлығы туралы түсінік беру.
  • Жаңылтпаштарды оқу және сауатты жазу дағдыларын дамыту.

2) Тілдік білімді бекіту

Дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін кеңейту және қолдана білуін дамыту.

3) Тәрбиелік бағыт

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

II. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту, сыныптың дайындығын тексеру.

III. Үй тапсырмасын тексеру

А) Қайталау сұрақтары

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстарды ата.

Ә) Сөздік диктант

Гүл, еңбек, кесте, сабақ, қиын. Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызу.

Б) «Еңбек» өлеңі

  • Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  • Мәтін бойынша сұрақ қойып, толық жауап алу.

Талқылау сұрақтары:

  • Өлеңдегі еңбек түрлерін ата. (Гүл өсіру, кесте тігу, сабаққа дайындалу.)
  • Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
  • Өлеңді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

IV. Жаңа сабақ

А) Слайдпен жұмыс

Қасқырдың ұлығаны мен боранның гуілі тыңдатылады. Сұрақ: суретке қарап не айта аласыңдар?

Ә) Мәтінмен жұмыс

«Шопан еңбегі» әңгімесі оқылады. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Б) Сөздік жұмысы

Қыстау
Малшылардың қыста отыратын жері.
Отар
Қойлар тобы.
Иесін ес тұтқан иттер
Иесін қадірлеу, иесі шыққанына масаттану.
Шабалана
Қатты үру.
Тағы
Жабайы, жыртқыш аң.
Кәсіп иесі
Мамандық иесі.
Қайыспайды
Қорықпайды, тайсалмайды.
Көз ілмеді
Ұйықтамады.

V. Сергіту сәті

Бейнеролик арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

VI. Мазмұнды меңгерту және талқылау

Әңгіме бойынша сұрақтар:

  • Боран не істейді?
  • Алыстан не естіледі?
  • Иттер қалай әрекет етеді?
  • Шопан ата не істейді?
  • Ол мылтықты не үшін атады?
  • Иттер неге шабалана үрді?
  • Тағының ұлығаны неге бәсеңдеді?
  • Шопан ата неге көз ілмеді?
  • Шопан атаның еңбегі қандай?

Оқушылардың «малшы еңбегі» туралы пікірлері тыңдалады, негізгі ой қорытындыланады: табиғаттың қатал кезінде де малды қорғау — үлкен жауапкершілік.

«Саққұлақ» өлеңі

Өлең оқылады. Шопанның көмекшісі — иттер екені, олардың малды қорғауда атқаратын қызметі өлең мазмұнына сүйене отырып әңгімеленеді.

VII. Жазба жұмысы

А) Дәптермен жұмыс

Көркем жазу: Шш, Ее.

Ә) Ойды жазбаша жеткізу

«Шопан — ең қиын әрі ауыр кәсіп иесі. Шопан атаны нағыз батыр деуге болады.» Тапсырма: 2 оқушыға тақтаға жазғызу.

Б) Дәптер тапсырмасы

Дәптердегі №2 тапсырма (8-бет) орындалады.

VIII. Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Не білдік?
  • Сендердің еңбектерің қандай? (Оқу, іздену, тәртіп сақтау, көмектесу.)

IX. Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді оқу.
  2. Өлеңді жаттау.
  3. Жаңылтпашты жазу.

X. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, сұрақтарға толық жауап беруі және жазба жұмысының ұқыптылығы бойынша бағаланады.