Бояулар ІІІ топ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебі ММ
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Карасаева Сулушаш
Сабақтың тақырыбы
Мемлекеттің тәуелсіздігі — халқының бақыты.
Сабақтың мақсаты
- 16 желтоқсан мерекесін негізге ала отырып, бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты меңгерту.
- Өнерді құрметтеуге баулу, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Шығармашылыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру форматы
- Әдісі
- Топтық сайыс, топпен жұмыс.
- Көрнекілігі
- Ұран сөздер, слайд-суреттер.
- Құрал-жабдықтар
- Қағаз, қарындаш, бояулар, интерактивті тақта.
Сайыстың барысы
1) Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Топтарды ортаға шақыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Армысыздар, қадірлі қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі 4-сыныптар арасында өтетін бейнелеу өнері пәнінен «Жас суретшілер» сайысына қош келдіңіздер!
Сәлем бердік баршаңызға ізетпен,
Ерекше бір ілтипатпен, құрметпен.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Ортаймасын бақыт, қуаныш, берекесі!
Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған күн! Осыған орай бейнероликтен үзінді тамашалайық.
Әділқазылар және топтар
Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныстырамыз. Сайысқа бес топ қатысады:
І топ
Қарындаш
ІІ топ
Бояулар
ІІІ топ
Субояқтар
IV топ
Қылқалам
V топ
Палитра
Өнер десе өртеніп, жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар.
Осы орайда, сайысқа түскелі отырған топтармен танысайық.
2) Таныстыру
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.
Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,
Таң қалдыр біліміңмен көрерменді!
Мұғалімнің жігерлендіру сөзі
Ән салып, би билеймін деп қысылма,
Сурет салып, өлең жазар өнер болса қолыңда.
Қандай өнер болса-дағы — өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар әрқашанда жолыңда.
Кім тапқыр балақан? Ойлан, тез, жылдам.
Бейнелеудің қай түрі тақтада бұл тұрған?
Кім жылдам табады заттардың бейнесін?
Бір-бірімен суреттер — табу керек үйлесім.
Быт-шыт болып шашылған — құрайды екен кім жылдам?
Ойлан, тап, балақан! Түрлі-түрлі түстер көп,
Түрлі түсті сүйеміз, түрлендіріп жүреміз.
Қорытынды және марапаттау
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер!
Бүгінгі сайысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілейміз. Енді сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңген топ марапатталады.
Ескерту
Сайыс барысын өткізу кезінде уақытты тиімді жоспарлау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және әр қатысушыға тең мүмкіндік беру ұсынылады.