Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Сабақтың тақырыбы

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру.

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың әдісі

Баяндау, сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту, ағаш бетіне ою-өрнек түсірудің негізгі қадамдарын үйрету.

Білімділік

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену.

Дамытушылық

Қауіпсіздік ережелерін тиімді қолдана отырып, пышақпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа және іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.

II. Өткен материалды қайталау

  • Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.
  • Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды?
  • Ою-өрнек түрлерін атаңдар.

Слайд арқылы ою-өрнек түрлері көрсетіледі.

III. Жаңа сабақ

Ағаш — табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден-ақ адамдардың негізгі тұрақ жайы болған.

Ежелден адамдар ағашты тіршілікке қажетті материал ретінде кеңінен пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға арналған аша таяқ, найза, қада, жебе және басқа да бұйымдар жасаған. Ағаш өңдеу оңай игерілетін іс болды, өйткені ағаш — өңдеуге көнбіс материал.

Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлер, көпірлер, жел диірмендері, қамалдар, сондай-ақ ыдыс-аяқтар жасаған. Қазіргі уақытта да ағашсыз өмірімізді елестету қиын: үйіміз, жиһаздар және тұрмыста жиі қолданылатын көптеген заттар ағаштан жасалады.

Ағашты көркемдеп өңдеу дәстүрі

Қолөнердің кең тараған түрлерінің бірі — ағашты көркемдеп өңдеу. Көшпелі халық тұрмысқа қажетті заттарды өздері жасаған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен дайындаған.

Ағаш бұйымдарының ішінде жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал сияқты түрлері жиі кездеседі. Мұндай бұйымдарды шеберлер күміспен, сүйекпен және ою-өрнекпен әсемдеп әрлеген.

Материал таңдау және жұмысқа дайындық

Көркемдеп өңдеуге арналған ағашты дұрыс таңдау жұмыстың нәтижесіне тікелей әсер етеді. Нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу үшін майқарағай, терек, үйеңкі сияқты жұмсақ ағаш түрлері қолайлы.

  • Бұтақсыз, жұмсақ ағашты таңдау.
  • Қажетті өлшеммен кесу.
  • Сүргілеу, тегістеу және әрлеу.
  • Тегіс бетке өрнек үлгісін көшіру.

Негізгі ұғымдар

Өрнек
Кез келген бұйымның сыртына түсірілетін, біртұтас байланысқан әшекей.
Ою
Бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмысы.