Қазақ әдеби тілінің стилдерін оқу

Сабақ тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің стилі

Бұл сабақ қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтарын жүйелі таныстыруға, сөз қолдану аясын кеңейтуге және оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

аралас сабақ топтық жұмыс сұрақ-жауап талдау, жинақтау

Сабақтың жабдығы

  • тақта, оқулық
  • интербелсенді тақта
  • тапсырма парақшалары
  • дәптермен жұмыс
  • рефлексия парағы
  • үлестірмелі қима қағаздар

Мақсаттар

Білімділік

Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру; оқушыларды стиль түрлерімен таныстыру; сөз қолдану аясын кеңейту.

Дамытушылық

Ойды дәл әрі орынды жеткізу, шешен сөйлеу дағдыларын дамыту; тілдік бірліктерді таңдап қолдануға үйрету.

Тәрбиелік

Сөздік қорды байыту арқылы сөз мәдениетін жетілдіру; көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі.

Сабақ барысы: кезеңдер мен әрекеттер

1) Топқа бөлу

Сынып үш топқа бөлінеді. Үстел үстіне әртүрлі түстегі қиынды қағаздар қойылады. Әр оқушы қағазды өзі таңдап алып, түсіне сәйкес топқа орналасады:

  • I топ

    Білгірлер

  • II топ

    Алғырлар

  • III топ

    Тапқырлар

2) Психологиялық ахуал қалыптастыру

Әсем әуен тыңдату арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады.

3) Қызығушылықты ояту

Сабақтың қандай пән екенін еске түсіріп, қазақ тіліне құрмет сезімін ояту мақсатында төмендегі шумақ оқылады:

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Тақырыпқа кіріспе ретінде оқылатын өлең жолдары

Одан әрі мұғалім сабақтың тақырыбын таныстырып, қазақ тілі — кемеңгер ой иелері сөйлеген қасиетті тіл екенін атап өтеді.

4) Үй тапсырмасын сұрау (өткенді қайталау)

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап алынады. Әр оқушының жауабы тыңдалып, толықтырылады:

  1. 1 Стилистика дегеніміз не?
  2. 2 Сөйлеу тілінің лексикасы.
  3. 3 Экспрессивті-эмоционалды лексика.
  4. 4 Қазіргі кітаби тіл.

5) Жаңа тақырып: стиль және стиль түрлері

Негізгі ұғым

Стиль — қарым-қатынас барысында тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары

  • Ауызекі сөйлеу стилі
  • Көркем әдебиет стилі
  • Ресми стиль (ісқағаздар стилі)
  • Ғылыми стиль
  • Публицистикалық стиль

Қысқаша сипаттама

Ауызекі сөйлеу стилі

Алдын ала дайындалуды қажет етпейді; қарым-қатынас негізінен ауызша түрде жүзеге асады. Сөйлеу тілінің өз ішінде стильдік тармақтар болмайды.

Көркем әдебиет стилі

Көркем әдеби шығармаларда қолданылады; бейнелі, эмоционалды және экспрессивті сипатымен ерекшеленеді.

Ресми стиль

Әртүрлі мекемелерде жүргізілетін құжаттарда, нұсқау хаттарда, іс жүргізу және іскерлік байланыс қағаздарында қолданылады.

Ғылыми стиль

Ғылыми зерттеу еңбектерінде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде және мақалаларда қолданылады.

Публицистикалық стиль

Бұқаралық ақпарат құралдарында, жиын-мәжілістерде, қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған мәтіндерде қолданылады.

Кітаби тілдің аталған стильдері жазбаша да, ауызша да түрде қызмет атқара береді. Ал ауызекі сөйлеу стилін оқушылар күнделікті өмірде жиі байқап, тұрақты қолданады.

6) Кері байланысқа арналған мәтін (оқылым)

Оқушыларға кері жазылған мәтін оқылады. Мақсат — зейінді шоғырландыру және қабылдауды тексеру.

Зымышроқмақ. Зіб ріб надана нағут уетеж кіде. Некәс недзімірәб неклү. Ағаураш етө ытпықұ ныталоб. Нітсү азат нытйатсұ. Інүгыдзаж. Некәс недзімірәб нырұб нытарұб. Йү анысаураш нітесеткемөк. Ло ідзіб аққалұб пыла нытараб.

7) Тапсырмалар және тақтамен жұмыс

I топ

46-жаттығу

II топ

47-жаттығу

III топ

47-жаттығу (2-тапсырма)

Берілген тапсырмалар бойынша топтар жұмыс орындайды.

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, сөйлемге талдау жасайды.

Оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.

8) Білімді бекіту: кестемен жұмыс

Стиль түрлерін ажырату мақсатында кестемен жұмыс орындалады. Әр оқушыға парақша таратылып, сол парақшадағы тапсырма орындалады.

Стиль Қолданылу орны Негізгі белгісі
Ауызекі сөйлеу Күнделікті қарым-қатынас Дайындықсыз, ауызша
Көркем әдебиет Әдеби шығармалар Бейнелілік, экспрессия, эмоция
Ресми Құжаттар, іс жүргізу Дәлдік, стандартты құрылым
Ғылыми Зерттеу, баяндама, мақала Логикалық жүйе, терминдер
Публицистикалық БАҚ, жиын-мәжіліс Ықпал ету, қоғамдық пікір

9) Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне доп лақтыру арқылы жақсы тілек айтады. Бұл жаттығу еркін сөйлеуге және өзара қолдауға ықпал етеді.

10) Қорытынды және рефлексия

Сабақ қорытындыланып, оқушылар Т-кестесі арқылы рефлексия жасайды:

Жақсы

Не сәтті болды? Не ұнады? Қай тұсы түсінікті болды?

Әлсіз

Қай тұсы қиын болды? Нені қайталау керек?

11) Үй тапсырмасы

А) 48-жаттығу.

Ә) Әр топ төменде көрсетілген бағытта бір стиль түріне шағын материал дайындап, талқылауға дайындалып келу.

Б) Қазақ әдеби тілінің стильдерін оқу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке түртіп алады.

12) Бағалау

Бағалау парақшалары үлестіріліп, оқушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді. Қорытынды баға тапсырмаларды орындау сапасы мен белсенділікке сүйене отырып шығарылады.

Тақырып: Қазақ әдеби тілінің стилі