Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақтың әлемге әйгілі палуаны
Сабақтың тақырыбы
«Жиб-Жица» күресі (Қалмақан Әбдіқадыровтың әңгімесі).
Мақсаты
Оқушыларды Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица» әңгімесі арқылы қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру; күрес түрі туралы мәлімет беру. Дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу және ойды тұжырымдай білу дағдыларын дамыту.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Оқыту әдістері мен құралдары
- Ақпараттық-коммуникативтік оқыту
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістері
- Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер, слайдтар, кестелер, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық:
«Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар».
II. Үй тапсырмасын тексеру
М. Әуезовтің «Жетім» мәтіні бойынша мазмұнын сұрау.
III. Ой қозғау сұрақтары
-
1) Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге М. Әуезовтің «Жетім» мәтінін оқып, түсініп келу тапсырылды.
- 2) Жападан жалғыз келе жатқан бала кім?
- 3) Қасымның жетімдік көрген өміріндегі қиындықтар туралы не айта аласыңдар?
- 4) Қараңғыдағы қорқыныш елесі сіздерге қалай әсер етті?
IV. Мақсат қою кезеңі
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- «Жетім» мәтінінің кейіпкері — Қасым
- Қасиетті жан — ана
- Ағаштың көркі — жапырақ
- «Ынта» сөзінің баламасы — ықылас
- Тышқанның жауы — мысық
- Құстың панасы — ұя
- Дала және үй құсы — қаз
- Тәтті жеміс — алма
- Бір өркешті түйе — нар
Сөзжұмбақ шешімі
Қажымұқан
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты нақтыланады: Қажымұқан кім? Ол туралы не білеміз?
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Ол 24 елді аралап, көптеген атақты балуандармен белдескен. Деректерде оның 48 медаль алғаны айтылады.
V. Мағынаны тану
Автор туралы
Қалмақан Әбдіқадыров (1901–1964) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы «Сырдария» өлеңі 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» 1928 жылы жарық көрді.
Ол аударма саласында да өнімді еңбек етті: Фердоуси, Әлішер Науаи шығармаларын, сондай-ақ қырғыз ақыны А. Тоқомбаевтың және орыс жазушысы В. М. Кожевниковтің еңбектерін қазақ тіліне тәржімалады. Парсы тілінен тікелей аударған «Мың бір түннің» төрт кітабы 1949, 1955, 1962 жылдары қайта басылды.
Қажымұқан туралы қысқаша дерек
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886–1948) — қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, орасан күш иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұлға.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Әлемдік деңгейде алғаш танылған кезеңі — 1906 жыл: Германияда өткен сайыста чемпион атанады.
1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеден өтіп, Темірлан ауылы маңында жерленген, қабірі басына ескерткіш орнатылған.
Мәтінмен жұмыс (топтық жұмыс)
Мұғалім мәтіннің кіріспе бөлімін баяндайды. Оқушылар топпен қалған бөлімдерін оқып, мазмұнын жалғастырады.
1-бөлім
Қажымұқанның жапон палуаны Сар-Кек-Кимен кездесуі.
2-бөлім
Палуандар арасындағы сайыс.
3-бөлім
Қажымұқанның жеңісі.
Мазмұнды талдау сұрақтары
- Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин)
- Сар-Кек-Ки қандай шарт қояды? (Жиб-Жица әдісімен күресуді ұсынады)
- Көрермендер арасында неге қобалжу болады? Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай?
- Қажымұқан бұл күресте жеңіске жете ме? Неліктен?
- Дядя Иван мектебінен шыққан сұлу, сымбатты жігіттің келбетіне қандай өзгерістер түсті деп ойлайсың?
VI. Кейіпкерлерге мінездеме (әңгіме кестесі)
| Мәтін кейіпкерлері | Кейіпкерлерге мінездеме |
|---|---|
| Сар-Кек-Ки | Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш; көп сөйлейді, күлкіні жақтырмайтын палуан. |
| Қажымұқан | Алып денелі, байсалды, шыдамды, қайсар, намысшыл. Мәтінде оның бас-көзі қанталап, жарақаттанған күйде де мойымай жүргені суреттеледі. |
VII. Қорытынды
Венн диаграммасы (идея)
- Қажымұқан
- Сар-Кек-Ки
- Ортақ белгі: екеуі де палуан
Сұрақтар
- Бүгін кім туралы білдік?
- Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
- Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?
- Жауап үлгісі: «Қазақстан Барысы» сияқты турнирлер өтеді.
Мақал-мәтелмен түйіндеу
Әңгіме мазмұнына сәйкес мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңдер:
Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.
VIII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Қ. Мұңайтпасұлы туралы реферат жазу.