Ондықтар туралы білімдерін кеңейте отырып, бірліктерді ондықтармен және ондықтарды ондықтармен салыстыруға үйрету
Сабақтың тақырыбы
Ондықтарды салыстыру
Сабақтың мақсаты
Ондықтар туралы білімдерін кеңейту; бірліктерді ондықтармен және ондықтарды ондықтармен салыстыруға үйрету.
Сабақтың міндеттері
-
1
Тәрбиелік: оқушыларды ауызбіршілікке, табиғатты аялауға және адамгершілікке тәрбиелеу.
-
2
Білімділік: ондықтар мен бірліктерді салыстыруға, есептердің құрамды бөліктерін берілген өрнекке сай түрлендіріп шығаруға, амалдарды орындауға дағдыландыру.
-
3
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және есте сақтауын дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
- Бір-біріне тілек айту: оқушылар бір-біріне қарап, көздерін жұмып, отырып, тілек айтады.
- Мұғалімнің тілегі: сабаққа сәттілік, ынтымақ және белсенді қатысуға бағыттау.
Өткенді қайталау
«Білгенге — маржан, білмеске — арзан».
1
Азайғыш − азайтқыш = айырманың мәні.
2
Қосылғыш + қосылғыш = қосындының мәні.
3
3 + 2 және 4 − 1 — санды өрнектер.
4
a + 3 және 5 − a — әріпті өрнектер.
5
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 — бір таңбалы натурал сандар.
6
1 ондық 10 бірліктен тұрады.