Даярлыққа мың алғыс, Тәрбиешіммен мақтанам
Ертеңгілік туралы
Ақтөбе қаласы, Қ. Нокин ауылы, Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы ұсынған «Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілік — баланың балабақша кезеңінен мектеп өміріне қадам басатын сәтін әдемі әрі мағыналы атап өтетін тәрбиелік іс-шара.
Форматы
Ертеңгілік (салтанатты қоштасу кеші)
Әдісі
Сахналық бөлімдер, өлең оқу, ортақ ән, тапсырмалар
Мақсаты
- Балаларды мектепалды даярлық тобынан салтанатты түрде шығарып салу.
- Оқу мен білімге қызығушылықты ояту, мектепке ынтаны күшейту.
- Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулу.
- Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Іс-шараның барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Музыка әуені ойнап тұрады. Қонақтар қарсы алынып, залдың көңіл күйі мерекелік атмосфераға бейімделеді.
II. Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Осы сәтте балаларды орындарынан көтеріп, қошемет көрсету ұсынылады.
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ҚР Әнұраны
«Менің Қазақстаным!» әнұраны орындалады.
Айналайын, балалар,
Алда мектеп — ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар!
Ендеше, бүгінгі бүлдіршін — ертеңгі өскелең ұрпақ. Енді сөз кезегін балаларға берейік.
Балалардың өлең жолдары
Мәди
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Даярлық топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Ахат
Өз үлгіңді ұстаймын,
Айтқаныңнан шықпаймын.
Мен балапан құстаймын,
Баулыдың сен, мұғалім.
Медина
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен —
Ол тәрбиеші апайым.
Жанарыс
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!
Ерсұлтан
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата-ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.
Қоныс
Қуанышты, көңілді
Нағыз жақсы мереке —
Шығарып салмақ мектепке.
Тахмина
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Саян
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой-санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Несібелі
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс,
Тәрбиешіммен мақтанам.
Даниал
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
Асанәлі
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата-ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!
Ерасыл Арман
Нағыз білім — ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Азиза
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен,
Біріншіге барамыз.
Әлім
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Қош бол, даярлық топ!
Ерасыл Т.
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Қоныс
Ән салайық бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен табысса.
Медина
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Ахат
Мектеп — қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Тахмина
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
«Ер жетті» деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
Сахналық бөлім: «Ойыншықтар» хоры және тапсырмалар
Кейіпкер сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені сендерге Білім ханшайымы жіберді. Ол балалардың мектепке барардағы білімдерін тексеруді тапсырды. Менің қолымда Білім ханшайымының жолдаған бірнеше тапсырмасы бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды сұраймын. Жауаптарыңа қарап, мектепке дайындығыңды бағалаймын.
I тапсырма
Сұрақтарға жауап беру.
II тапсырма
Өз өнерлеріңді көрсету.