Жеті жұрттың тілін біл Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл - деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- «Тіл білгірі» сайысы
- Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту; қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне қызығушылықты арттыру.
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабағы
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта
Сабақтың ұраны
Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл — дұрысы:
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Тіл білгірі» сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз.
Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар
Сайысқа 5-сыныптар арасынан 10 оқушы қатысады.
Сайыс құрылымы: 9 кезең
-
1
Таныстыру, сәлемдесу
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
-
2
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
Мәнерлеп оқу кезеңі.
-
3
«Зымыран сұрақтар»
Қазақ тілі пәні бойынша жедел сұрақтар.
-
4
«Жеті жұрттың тілін біл»
Жұмбақтардың шешуін 3 тілде айту.
-
5
«Ойлы болсаң, озып көр»
Әдебиет пәні бойынша тапсырмалар.
-
6
Жұмбақ сандық
Жасырын тапсырмалар кезеңі.
-
7
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
Жылдамдық пен тапқырлыққа арналған бөлім.
-
8
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ой ұшқырлығын сынайтын тапсырмалар.
-
9
«Мықты болсаң, тауып көр»
Қорытынды сынақ кезеңі.
«Сайысымыздың бетін ашайық, көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, өнеріне ду қол соғып қостайық!»
I кезең: Таныстыру, сәлемдесу
Сайыскерлер командасын/өзін таныстырып, қысқаша сәлемдесуін ұсынады.
II кезең: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар «Үш бәйтерек» өкілдері — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин шығармаларынан өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
III кезең: «Зымыран сұрақтар» (қазақ тілі)
Мықты болсаң — алдағыны басып оз.
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт!
Ереже
- Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беру қажет.
- Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
- Бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.
- Жауап қате болса, келесі қол көтерген ойыншы жауап беруге құқылы.
- Кезең қорытындысы бойынша ұпайы ең аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
Сұрақтар
-
1) «Батыр» сөзінің синонимін ата.
ержүрек, батыл, жаужүрек
-
2) «Ақ киізге көтерді» тіркесінің мағынасы қандай?
хан сайлады
-
3) Қазақ тілінде қанша әріп бар?
42
-
4) «Ұзын» сөзінің антонимі?
қысқа
-
5) Қолданыстан шығып, аз айтылатын сөздер қалай аталады?
көне сөздер
-
6) Фонетика нені зерттейді?
тіл дыбыстарын
-
7) Қазақтың алғашқы әліппесін жазған кім?
Ыбырай Алтынсарин
-
8) «Жаны зәр түбіне жету» тіркесінің мағынасы қандай?
қорқу
-
9) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
антоним
-
10) Айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер қалай аталады?
омоним
-
11) Атын тура айтуға болмайтын сөз қалай аталады?
табу
-
12) Тіліміздегі сөздердің жиынтығы қалай аталады?
лексика
-
13) Басқа тілден енген сөздер қалай аталады?
кірме сөздер
-
14) Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер қалай аталады?
диалект сөздер
-
15) Дөрекі, әдепсіз сөздер қалай аталады?
дисфемизм
-
16) Белгілі бір кәсіпке қатысты қолданылатын сөздер қалай аталады?
кәсіби сөздер
-
17) 16 желтоқсан қандай мереке?
Тәуелсіздік күні
-
18) Мақалды жалғастыр: «Тіл тас жарады, ...»
—
-
19) «Дулыға», «сауыт» сөздері қандай сөздер?
көнерген сөздер
-
20) Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу қалай аталады?
эвфемизм
IV кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» — бұл кезеңде жұмбақтар беріледі. Оқушылар жұмбақтың шешуін үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуы керек.
Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ойынды ұпайы аз оқушыдан бастаймыз.
Жұмбақтар (1–5)
-
1) Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама.
кітап — книга — book
-
2) Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді.
ауа — воздух — air
-
3) Үнемі ауызда бұлтыңдайды, бірақ жұтылмайды.
тіл — язык — language
-
4) Әй, керемет бір ит бар: үй бағады, үрмейді; аяғы жоқ, жүрмейді. Рұқсатсыз ол иттен ешкім үйге кірмейді.
құлып — замок — lock
-
5) Бір үйге көзсіз боп кіресің, бұл үйден көреген боп шығасың.
мектеп — школа — school
Жұмбақтар (6–10)
-
6) Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
қоян — заяц — rabbit
-
7) Тілден ұшып, құлаққа қонады.
сөз — слова — words
-
8) Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ; тоны бар, киетін шапаны жоқ. Пайдасы үй ішінен табылған соң, далаға кіріп-шығар сапары жоқ.
мысық — кот — cat
-
9) Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді.
сағат — часы — watch
-
10) Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
күн — солнце — sun