Келешегі кемел Қазақстан атты ауызша журнал түрінде өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Келешегі кемел Қазақстан (слайдпен)
Мақсаты
- Оқушылардың елін сүю сезімін қалыптастыру, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыру.
- Мемлекетімізді одан әрі нығайтуға үлес қосу қажеттігін ұғындыру.
- Еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін түсіндіру, патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Слайд, көрме.
Өту барысы
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Келешегі кемел Қазақстан» атты ауызша журнал форматында өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғалған жеріміздің өткен тарихына және бүгінгі бейбіт, жарқын келбетіне бірге назар аударайық.
Медиа
Видео көрсетілім
Ауызша журнал беттері
Бірінші бет
Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы
Екінші бет
Тарихы терең, келешегі кемел Астана
Үшінші бет
Кемел елдің келешегі — білімді ұрпақ
Кемеңгер көшбасшыға арналған бөлім
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстанның егемен ел атануына Елбасының қосқан үлесі зор. Сондықтан журналымыздың алғашқы бетін кемеңгер көшбасшымызға арнаймыз.
Мемлекеттік басшының рөлі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы — мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.
Өмір жолынан үзінділер
Балалық шағы
НұрбекНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Балалық шағы қиындықпен өтті. Ол үлкендерге мал бағуға, бау-бақша өсіруге көмектесіп, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте үздік оқып, жақсы білім алды және ата-анасын ерекше құрметтеді.
Жұмысшы Нұрсұлтан
ЗамираОл ерте есейді. Орта мектепті бітірісімен Кеңес Одағындағы ірі өндіріс ошақтарының бірі — Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Кейін бір топ қазақстандықтармен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметтерін атқарып, уақыт өте инженер дәрежесіне дейін көтерілді.
Саяси жолының басталуы
СамалСол жылдары оның ұйымдастырушылық және басшылық қабілеті айқын көрінді. Ол қалалық, облыстық және республикалық деңгейде жауапты қызметтер атқарды: металлургиялық комбинатта партком хатшысы болды, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауапты хатшы қызметін атқарды.
Қазақстан Үкіметін басқарған кезде ол 44 жаста еді. Осы кезеңнен бастап оның саяси өмірбаяны жаңа арнаға түсті.