Сабаннан сурет жасаудың технологиядық тізбесі

7-сыныпқа арналған еңбек сабағы

Сабанмен жұмыс: сабаннан сурет жасау

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып, сабаннан сурет құрастыруды үйрету; жеке қабілетіне сай шеберлігін арттыру.
  • Қолданбалы өнер туралы білімін байытып, еңбек сабағына қызығушылығын және еңбекке ынтасын күшейту; ой-қиялын дамыту.
  • Әр халықтың өнерін құрметтеуге, жұмысты таза әрі ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа дағды мен ептілікті меңгеру сабағы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу өнері.

Тақтаға жазылатын нақыл сөздер

«Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол.»

«Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем.»

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекіліктер

  • Сабаннан жасалған суреттер
  • «Қолданбалы өнер» стенді
  • Өнер туралы кітаптар
  • Технологиялық карта

Жұмыс саймандары

  • Қара қағаз, ақ және түсті қағаз
  • Сабан
  • PVA желімі
  • Қайшы, қарындаш/қалам
  • Үтік

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    қысқа

    Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықты тексеру.

  2. 2) Өнер туралы мақал-мәтелдер

    5–7 минут

    Сұрақ: «Өнер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?»

  3. 3) Ұлттық қолданбалы өнер түрлерін еске түсіру

    5–7 минут

    Кестелеу

    Оюлап өрнектеу

    Киіз басу

    Сырмақ сыру

    Кілем, алаша тоқу

    Сүйек мүсіндеу

    Зергерлік

    Ағаш ою

    Тас қашау

    Теріден бұйым жасау

  4. 4) Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі

    5–7 минут

    1. Сабанның бунақтарын қажетті ұзындықта кесіп алады.
    2. Сабан бөліктерін 1–1,5 сағат суда қайнатады.
    3. Қайнатылған сабанды тіледі де, үтікпен тегістейді.
    4. PVA желімін қолданып, сабан жолақтарын жұқа қағазға жапсырып, қайта үтіктейді.
    5. Суретті ақ және түсті қағазға түсіріп (нобайын дайындап) алады.

    Маңызды ескерту

    Күрделі әдіс жоғары дәлдік пен шыдамдылықты талап етеді және көпқабатты, композициясы бай сурет жасауға мүмкіндік береді.

  5. 5) Қауіпсіздік ережелері

    2 минут

    • Қайшыны дұрыс ұсыну және қауіпсіз қолдану.
    • Үтікпен жұмыс істеу тәртібі.
    • Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және тәртіп сақтау.
    • Қайшының үстелде қалай жатуы керектігі (жабық күйде, жүзін өзіңнен әрі қаратып).
  6. 6) Сарамандық жұмыс: сабаннан сурет жасау

    23–32 минут

    Талқылау

    Қазақ халқында бейнелеу өнері ұзақ уақыт кең таралмаған. Оның себебі — кей кезеңдерде дін өкілдерінің шектеуі болған.

    Әлемдік қолданбалы өнерден мысалдар

    Қолданбалы өнер барлық елде бар: әр халықтың тұрмысына, мәдениетіне, өмір салтына сай ерекше өнер түрлері қалыптасқан. Халық шеберлері ғасырлар бойы тұрмыстық бұйымдар жасап, оларды көркемдеп, сәндеген. Сол бұйымдардың нәзік өрнегі мен жоғары сапасы бүгін де таңғалдырмай қоймайды.

    • Гжель фарфоры
    • Хохлома өрнегі
    • Тәжік кілемдері
    • Әзірбайжан кестелері
    • Кубачи күміс ыдыстары
    • Палех миниатюралары

    Осындай қолданбалы өнердің бір тармағы — сабаннан сурет жасау.

    Дайындау туралы қысқа нұсқаулық

    Сабанды бидай пісерден 7–10 күн бұрын орып алған дұрыс: талшық құрылымы икемдірек болады, өңдеуге және үтіктеуге жеңіл келеді.

  7. 7) Қорытынды және бағалау

    10–13 минут

    Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды, жұмыс нәтижесіне қысқаша рефлексия жасайды.