Антон еңбекқор

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»

Сынып

5-сынып (Әдебиет)

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Негізгі идея

Еңбек — берекенің көзі, өз-өзіңе жауапкершілік — тұлға қалыптастыратын тірек.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқталып, әңгімені идеялық мазмұнына қарай талдау.

Дамытушылық

Ойландыратын сұрақтар арқылы оқушылардың пікірін тыңдау, дәлелдету, қорытынды жасату.

Тәрбиелік

Таным көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын және ізденіс дағдыларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Шығармашылық тапсырмалар
  • Тұжырымдамалық карта
  • СТО (сыни тұрғыдан ойлау) әдістері
  • «Үлкен шеңбер» талқылауы
  • «Сэнкуэн» (бес жолды өлең) құрастыру

Көрнекілік

  • Ақынның портреті
  • Интербелсенді тақта
  • Тірек-сызбалар
  • Қағаз, стикерлер
  • Кеспе қағаздар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

М. Өтемісұлының «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

I топ

Өлеңнен Исатайдың бейнесін және мінген атын суреттейтін жолдарды табу.

II топ

Исатай кім? Батыр туралы не білесіңдер? Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Құрылымдық талдау

«Соғыс» өлеңі 7–8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құрылған.

III. Жаңа сабақ

Ыбырай Алтынсарин — қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер тұлғалардың бірі. Ол өз дәуіріндегі көшпелі, сауаты төмен ортаға еуропалық білім мен мәдениеттің жарығын жеткізуді мақсат етті.

IV. Топтастыру әдісі

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды топтастыру арқылы оқушылардың бастапқы түсінігін анықтау және жаңа мазмұнға бағыт беру.

V. Оқулықпен жұмыс: рөлдерге бөліп оқу

Рөлдер

  1. Автор сөзі
  2. Француз жұртының білімді адамының сөзі
  3. Бейтаныс адамның сөзі
  4. Антонның сөзі

Антонға мінездеме

  • Ешкімге тәуелді емес
  • Еңбекқор, тынымсыз
  • Уақытын бос өткізбейді
  • Еңбектеніп ақша табады

VI. Мағынаны тану: «Сэнкуэн» (бес жолды өлең)

  1. 1Зат есім: Антон
  2. 2Сын есім: мейірімді, пысық
  3. 3Синоним (түйінді сипат): Антон — еңбекқор
  4. 4Етістік: тыным таппайды, ешкімге тәуелді болмайды
  5. 5Сөйлем: Қиындықты жеңу — ерлік.

VII. «Үлкен шеңбер» әдісі: талқылау

Оқушылар «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін шеңбер құрып талқылайды. Әрқайсысы мәселенің шешу жолын жеке ой елегінен өткізіп, өз пікірін дәлелдеуге тырысады.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
  2. Антон қандай қорытынды шығарды?
  3. Егер Антон сияқты сенің сыныптасың тіленшілік жасап жүрсе, не істер едің?
  4. Болашақта кім болуды армандайсың?
  5. Әңгіменің басты тақырыбы қандай мәселені көтереді?

VIII. Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады. Әр оқушы бүгінгі сабақтан түйгенін және Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі қаншалықты әсер еткені туралы қысқаша пікір жазады.

IX. ББҮ әдісі бойынша қорытынды

Білемін

Оқушылардың бастапқы білімін жинақтау.

Білгім келеді

Тақырыпқа қызығушылық тудыратын сұрақтарды нақтылау.

Үйрендім

Сабақ соңындағы жаңа түсініктерді тұжырымдау.

Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып, еңбектің адамды өсіретінін, ал жалқаулықтың кедейлікке әкелетінін түсінуге болады.

X. Сабақты бекіту

  1. Әңгіменің мазмұнына мұқият назар аудару.
  2. Еңбектен қашқан адамның кедейленетінін, ал қайыр сұрауға арланбайтынын байқадың ба?
  3. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
  4. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды?

XI. Үй тапсырмасы

  • Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет жинақтау.
  • «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің мазмұнын айту.
  • «Еңбекпен тапқан нан» немесе «Байлықтың көзі — еңбекте» тақырыптарының біріне шағын шығарма жазу.

XII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі. Бағалар күнделікке қойылады.