Ұлттық бұйымдарды ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№20 жалпы орта білім беретін мектеп
Пән
Технология
Мұғалім
Айталиева Венера Өмірханқызы
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың ұлттық киімі — қамзол
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс
Сызу, математика (өлшемдер мен формула есептері), бейнелеу өнері (жобалар, ою-өрнек), тарих (киімдер тарихы)

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға қамзол және оның түрлері туралы мағлұмат беру, шығу тарихын таныстыру, қамзол тігуге қажетті мата түрлерін меңгерту.

  • Шығармашылықты, қолөнер шеберлігін, қызығушылықты және эстетикалық талғамды дамыту.

  • Ұлттық сананы қалыптастырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке және әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

Көрнекіліктер

  • Сызба-нұсқа
  • Ұлттық киім үлгілері
  • Қамзолды өлшеу және тігуге арналған плакат
  • Бүктемелер, ою-өрнек үлгілері
  • Қамзол

Ескерту

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері еске түсіріліп, дәптермен жұмыс ұйымдастырылады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, құрал-жабдықты түгендеу, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын қайталау

«Сыр сандық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру және өткен тақырыпты бекіту.

  • Қандай киім түрлерін білесіңдер?
  • Иықты бұйымдар дегеніміз не?
  • Иықты бұйымдарға қажетті негізгі өлшем қандай?
  • Ұлттық бұйымдарды атаңдар.

III. Жаңа сабақ: Қамзол

Қамзол (камзол) — әйелдердің ұлттық киімдерінің бірі. Ол көбіне көйлек сыртынан киіледі. Қамзол жеңсіз, жеңіл әрі сәнді болып келеді және сапалы маталардан тігіледі.

Негізінен бір түсті, едәуір қалың матадан — мақпал, барқыт, жібек сияқты материалдардан, кейде гүлді мақпал мен атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі.

Қыз-келіншектерге арналған қамзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады. Түйме орнына әшекейлі металл немесе күміс қапсырмалар тағылады.

Кейбір түрлері жүн тартылып, аң терісімен қос астарланып тігіледі. Әдетте қамзолдың етегі кең болады.

Қамзолдың түрлері

  • Жеңсіз және жеңді (ұзын, қысқа)
  • Қима бел және тік пішімді

Үлгілеудегі маңызды қағида

Киімді үлгілеу кезінде адамның дене бітімін ескеру қажет. Мақсат — мүсіндегі ерекшеліктерді үйлестіріп, сырт келбетті көркем көрсету. Бұл жұмыс оқушыны талғампаздыққа баулиды, ой-өрісін кеңейтеді және эстетикалық талғамды қалыптастырады.

Қамзолға қажетті мата түрлері

Барқыт

Барқыт — бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланған түрі шибарқыт деп аталады. Ал түгі қалың, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.

Мақпал

Мақпал — жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі кездеседі: қара мақпал (қара барқыт), қой мақпал (түкті пүліш), қырмызы мақпал (қызыл күрең барқыт).

Қазақ халқында «мақпал» атауы көбіне түгі тықыр, түсі қара барқытқа қатысты айтылады. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік сияқты ұлттық киімдер, сондай-ақ тұскиіз, төсек жапқыш тәрізді тұрмыстық бұйымдар тігіледі.

Фурнитура және астар

  • Қамзолда түйме орнына қапсырма пайдаланылады.
  • Астарлық ретінде көбіне атлас

Қорытынды және бекіту сұрақтары

Сабақты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтар арқылы білім бекітіледі:

  1. 1. Қамзол қай ғасырларда кең тарады?

  2. 2. Бет жағы тығыз түкті, жұмсақ матаны атаңыз.

  3. 3. Қамзолда түйме орнына қандай бұйым қолданылады?

  4. 4. Қамзол қандай маталардан тігіледі?

  5. 5. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Сөзжұмбақ құрастыру
  • Реферат дайындап келу

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, тапсырмаларды орындау сапасы және қауіпсіздік талаптарын сақтауы бойынша бағаланады.