Кенгуру жарысы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысы
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Өтілетін орны
Спорт залы
Көрнекілігі
Түрлі түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, шеңберлер, кенгуру добы.
Қатысушы топтар
- Қыран тобы
- Жүйріктілер тобы
- Сұңқар тобы
- Тұлпар тобы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті әріптестер, бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер! Жарыс басталмас бұрын, денемізді сергітіп, жаттығулар арқылы шынығып алайық.
Жүргізушінің сөзі
Шынықсаң — шымыр боласың,
Сауығып, айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма —
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Әділқазылар алқасы
Сайыс басталмас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
- Балабақша директоры Абулгартаева С. Т.
- Балабақша әдіскері Ақжігітова Ұ. М.
Бағалау жүйесі: 5 балдық.
Сайыс бағдарламасы
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
-
1
Эстафета жарысы
-
2
«Мақал — сөздің мәйегі»
Мақалды жалғастыру.
-
3
«Кім күшті?»
-
4
«Кім жаңылыспайды?»
Жаңылтпаш айту.
-
5
Кенгуру жарысы
-
6
Пингвин жарысы
Кезеңдер барысы
І кезең: Эстафета сайысы
ЖүгіруӘр топтың қатысушылары жалаушаны алып, мәреге дейін жүгіріп барып қайта оралады. Келесі қатысушының қолынан ұстап, бірге мәреге дейін жүгіріп барады. Ойын осылай жалғасады. Бірінші келген топ жеңімпаз.
ІІ кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
ОйлауБір қатысушы кеглилер арасымен мәреге дейін жүгіріп барып, кері қайтады. Содан кейін берілген мақалдың жалғасын дұрыс жалғастырады.
ІІІ кезең: «Кім күшті?»
ЖылдамдықЖүргізуші: «Ойнайық та ойлайық! Қатардан қалып қоймайық. Белсенді болайық ортада, уақытты босқа өткізбейік» — деп, келесі кезеңге шақырады.
Ойын шарты: әр топ жердегі үрленген шарларды үстіне отырып жарып, қалдықтарын жинап өз шеңберіне салады. Көп шар қалдығын жинаған топ жеңімпаз.
ІV кезең: «Кім жаңылыспайды?»
ДәлдікЕкі қатысушы мәреге дейін бір-бірінен аттап секіріп барып, сол жердегі қағазды алады да, кері қарай қол ұстасып жүгіріп қайтады. Қағаздағы жаңылтпашты мүдірмей айту керек. Жаңылтпашты жаңылыспай айтқан топ жеңіске жетеді.
V кезең: Кенгуру сайысы
СекіруЖүргізуші: «Спорт — көркі өмірдің. Спорт — досың, серігің. Жаттықсаң шымыр боласың, шынығып өсіп толарсың» — деп, сайысты жалғастырады.
Ойын шарты: қатысушылар кенгуру добымен кеглилер арасымен секіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.
VI кезең: Пингвин жарысы
Тепе-теңдікЖүргізуші: «Денсаулық — өмірдегі басты байлық. Салауатты өмір салтын насихаттап, жақсы азамат болайық» — деп, соңғы кезеңді бастайды.
Ойын шарты: допты аяқтың арасына қысып алып, жерге түсірмей «пингвин жүрісімен» мәреге дейін жүру керек. Бірінші келген топ — жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс қорытындысы
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты — еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей тарасса — бізге жарасады.
Осыған орай, сайыс шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Денсаулық туралы тәмсіл
Уа, халқым, денсаулыққа назар аударайық! Дені сау адам — өмірде бақытты. «Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді ұлы Абай данамыз бекер айтпаған.
Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп-көп рақмет!
Автор туралы мәлімет
Өңірі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Қала/ауыл
Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы
Мекеме және лауазым
«Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы — А. Ермекбаева