Құрметті ұстаздар және оқушылар

«Қыс кереметі» сайысы: сабақтың мақсаттары мен бағыты

Мақсаты: балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге және суреттеуге үйрету.

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру; көрнекі-іс-әрекеттік, сөздік-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдық жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және белсенділікке тәрбиелеу, сөздік қорын молайту.

Формасы
Сайыс
Әдісі
Топтық, көрнекілік
Тәсілдері
Сұрақ-жауап, сөздік жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3 «Д» сыныбы оқушылары арасында өтетін «Қыс кереметі» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Кіріспе ой

Қыс — табиғаттың ерекше мінезін танытатын мезгіл. Бұл уақытта адамдар табиғаттың құпиясын, ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халық даналығы да осы кезеңнің сипатын дәл береді. Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін жолдары қыстың өзге мезгілдерден айрықша екенін айқындай түседі.

Әр маусымның өзіне тән қызығы бар: жазда шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға бет алады. Дала төсінде сырғанақ жасап, ақ ұлпаның үстімен зымыраған сәттер — өз алдына бір ғажайып. Сол кездерде адамдар қыстың суығынан гөрі оның жылы нұрын тапқандай қуанады.

Қаңтардың алғашқы күндері осындай шаттыққа толы болады. Қыстың ғажайып шақтары адам жанына шуақ құйып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Ендеше, қыс кереметтеріне арналған сайысымызды бастайық.

Шын жүйріктер сыналады жарыста, Жарыстың ба — орта жолда қалыспа. Әділқазы бағалайды сіздерді, Жеңіс — мәре жақын ба, әлде алыс па?

Әділқазылар мен қатысушылар

  • Әділқазылар алқасы: оқу ісінің меңгерушісі, бастауыш сынып мұғалімдері.
  • Сайысқа қатысушылар: 3 «Д» сынып оқушылары.

Сайыс жоспары (7 айналым)

  1. 1-айналым: Біз білеміз… Құрастырылған сурет бойынша әңгімелеу
  2. 2-айналым: Біз жырлаймыз… Қыс туралы тақпақ айту
  3. 3-айналым: Біз тапқырмыз… Жұмбақ шешу
  4. 4-айналым: Біз ақынбыз… Өлең құрастыру
  5. 5-айналым: Біз айтамыз… Сурет бойынша мәтін құрастыру
  6. 6-айналым: Біз шеберміз… Топ атауын түрлі түсті қағазбен аппликациялау
  7. 7-айналым: Қыс қызығы Стикерлер арқылы ойды жинақтап, қорытындылау

Топқа бөлу

Сайыс басталмас бұрын оқушылар екі топқа бөлінеді: қатысушылар шырша немесе аққала бейнеленген төсбелгінің бірін таңдап, сол атауы жазылған топқа орналасады.

Білім — деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім — деген ақылшың, Қиындықтан өткізер.

Айналымдар мазмұны

1-айналым: «Біз білеміз…»

Әр топқа сурет қиындылары таратылады. 1 минут ішінде қиындылардан тұтас сурет құрастыру қажет. Құрастырылған сурет бойынша білетіндерін айтып береді.

Тұтас сурет: аққала мен шырша. Қосымша тапсырма: аққала мен шырша туралы видеоролик көрсету.

2-айналым: «Біз жырлаймыз…»

Топтар қыс мезгілі туралы тақпақтар айтады. Шарт: бір топ айтқан тақпақты екінші топ қайталауға болмайды.

3-айналым: «Біз тапқырмыз…»

Әр топқа жұмбақтар беріледі. Мақсат — жұмбақтардың дұрыс жауабын табу.

  • Ақ сақалды атаны-ай,
    Мінезінің шатағы-ай

    Жауабы: Қыс

  • Бес ін, бес іннің,
    Аузы бір ін.

    Жауабы: Қолғап

  • Қанаты жоқ ұшады,
    Аяғы жоқ желеді,
    Аузы жоқ ұлиды.

    Жауабы: Боран

  • Жазда болмайды,
    Қыста болады.
    Терезеге қонады,
    Әсем ою ояды.

    Жауабы: Қырау