Бұлбұлдың даусы

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Ана тілі (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
«Бұлбұлдың әні»
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Топтастыру, Венн диаграммасы, сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Бес жолды өлең».
Көрнекіліктер
Суреттер, портреттер, көркем сөздер жазылған парақтар, үнтаспа, интерактивті тақта.
Презентация
Сабақ презентациямен өткізіледі.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Мәтіннің мазмұнын меңгерту, бұлбұл құсы туралы түсінікті тереңдету.

Дамытушылық

Тіл байлығын, сөздік қорды, көркем сөйлеу дағдысын дамыту; көз алдына елестету арқылы есте сақтау және еске түсіру қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Масатыдай құлпырып, бақыт пен қуанышын қатар арқалап, көптен күткен көктем де келіп жетті. Өлкенің кең-байтақ төсін жасыл желек шөптер мен хош иісі аңқыған гүлдер көмкерді. Күн жерге мейірлене қарайды. Алыстан қаңқыл-қаңқыл қаздардың дауысы естіледі.

Талқылау сұрақтары

  • Мәтінді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
  • Қай жыл мезгілі сипатталып тұр?
  • Көктем туралы не білеміз?
  • Көз алдарыңа не елестейді?
  • «Тіршіліктің басы» саналатын көктемнің құлпыруына ең көп әсер ететін не?

Көктемнің белгілері

күн ұзарады құстар келеді тіршілік оянады ағаштар гүлдейді шөптер шығады гүлдер қауыз жарады

Жауап: жаңбыр. Жаңбыр — тіршіліктің көзі.

Топпен жұмыс

1-топ

Жаңбырдың түрлерін атаңдар.

Нөсер жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші жаңбыр, соқыр жаңбыр.

2-топ

Үй тапсырмасы: Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтып, мәнерлеп оқу.

3-топ

Жаңбырдан қорғайтын заттың суретін салыңдар.

Қолшатыр.

4-топ

Жаңбыр басылған соң қандай дыбыстар естіледі? Аспанда не пайда болады?

Құстар үні, шегірткенің шырылы, бақаның дауысы; кемпірқосақ.

5-топ

Жаңбыр жауған кездегі көк шөп пен гүлдің «сезімін» бейнелеп беріңдер.

Қорытынды ой: көктемнің сәні — жаңбыр. Ал көктемнің ерекше әуені — құстардың әсем үні.

II. Құстар әлемі және дыбыстар

Құстардың топтары

Үй құстары

Тауық, қаз, үйрек.

Дала құстары

Бұлбұл, сауысқан, қарға, торғай, кептер, аққу.

Жыртқыш құстар

Бүркіт, жапалақ.

Сәйкестік тапсырмасы: құстар қалай дыбыстайды?

Құс
Дыбысы
Қаз
қаңқылдайды
Бозторғай
сайрайды
Сауысқан
шақырады
Әтеш
саңқылдайды
Қарға
қарқылдайды
Тырна
тыраулайды
Бұлбұл
шырылдайды

Үнтаспаны тыңдағаннан кейін ерекше естілетін үн — бұлбұлдың дауысы. Бұлбұл — әнші құс.

Бұлбұлдың түрлері

Дала бұлбұлы

Сурет арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.

Тоғай бұлбұлы

Сурет арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.

III. Жаңа тақырып: М. Төрежанов «Бұлбұлдың әні»

Бүгін М. Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» атты мәтінімен танысамыз. Автордың өмірбаяны қысқаша таныстырылып өтеді.

Мәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсінікті дауыстап оқу.
  2. Негізгі кейіпкерлерді анықтау: Әбдеш және оның досы.
  3. Оқулықтағы сұрақтар бойынша талдау: негізгі ойы мен астарлы ойын табу (оқушылар бір-біріне сұрақ қояды).
  4. Мәтінді рөлге бөліп оқу.
  5. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау: «Әбдеш қандай бала?» — мінездеме беру.

Шығармашылық жұмыс (5 минут)

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, шағын мәтін құрастырыңдар:

арайлап атқан таң айдын көл көркем тоғай әсем табиғат гүлдердің хош иісі самал жел мөлдір бұлақ жазық дала сайраған құстар киелі топырақ таза ауа туған жер

Уақыт аяқталған соң 2–3 оқушының мәтіні тыңдалып, талданып, бағаланады.

Оқушы мәтіні (үлгі): Сәми

Туған жерімнің әрбір арайлап атқан таңы мен үшін үлкен қуаныш. Ауыл сыртындағы айдын көл мен көркем тоғайдан сайраған құстардың даусы естіледі. Киелі туған жерімнің әрбір гүліне тән хош иісті сезіп, мөлдір бұлақтың суын ішіп, таза ауасымен дем алып жүргеніме қуанамын.

Оқушы мәтіні (үлгі): Аружан

Мен ауылымның киелі топырағын басып, туған жерімде тіршілік етіп жүрмін. Таза ауасын жұтып, гүлдердің хош иісін иіскеп, мөлдір бұлақтан су ішіп, еш алаңсыз өмір сүріп келемін. Ауылымның табиғаты өте әсем.

IV. Қорытынды және тәрбиелік ойтолғаныс

Ой қозғау сұрақтары

  • Табиғатты аялау дегеніміз не?
  • Табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?

Ұсынылатын жауаптар

  1. Табиғаттағы әрбір тіршілік иесін қорғау.
  2. Гүлдерді жұлмау.
  3. Құстарды атпау, жұмыртқасын алмау, ұясын бұзбау.
  4. Құстарға қолдан ұя жасап, жемшашар әзірлеп қою.

«Бес жолды өлең»

1

Бұлбұл

2

Әнші, әдемі, нәзік

3

Сайрайды, қонады, ұшады

4

Бұлбұл — орманның әнші құсы.

5

Құс

V. Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Бұлбұл құсы туралы мәлімет жазу.