Ромбының диагоналдарын табыңдар
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақта оқушылар үшбұрыштың ауданын табуды үйреніп, формуланы есептер шығаруда қолдана алады. Сонымен қатар, ойлау дағдыларын дамыту, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу көзделеді.
Білімділік
- Үшбұрыштың ауданын табуды үйрету.
- Үшбұрыштың ауданын табу формуласымен таныстыру.
- Формуланы есептер шығаруда қолдануды меңгерту.
Дамытушылық
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз идеясын сенімді жеткізуге үйрету.
- Түрлі көзқарастарға назар аудару және бағалау дағдыларын дамыту.
- Салыстыра ойлау, математикалық сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Жауапкершілікті сезінуге баулу.
Күтілетін нәтиже
- 1 Үшбұрыштың ауданын табуды меңгереді.
- 2 Үшбұрыштың ауданын табу формуласын біледі және оны есептер шығаруда қолданады.
- 3 Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетінше аша алады, талдайды және қорытынды жасайды.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын фигуралар арқылы 4–5 топқа бөлу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі және алдыңғы білімді еске түсіру сұрағы: «Бұған дейін қандай фигуралардың ауданын табуды үйрендік?»
II. Үй жұмысын тексеру
№265. Ромбтың диагоналдарының қатынасы 2:3, ауданы 12 см². Ромбтың диагональдарын табыңдар.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың мақсатына сай бағалау критерийлерін алдын ала келісу ұсынылады. Оқушы формуланы білуі және есеп шығара алуы бойынша бағаланады.
Бағалау критерийлері
- 2 Формуланы біледі және есептерді дұрыс шығарады.
- 1 Тапсырманы жартылай орындайды.
- 0 Есепті шығара алмайды.
Тақырып: «Үшбұрыштың ауданы».
Жұмысқа бағыт
Оқулықтың 85–88 беттерін пайдаланып, үшбұрыштың ауданын табу формуласын жазып алыңыздар және оны қолдануға арналған мысал есептерді талдаңыздар.