Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу

Тақырыбы

«Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз»

Мақсаты

  • Ұстаздардың қадір-қасиетін түсіндіру және қазіргі қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды таныту.
  • Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
  • Ұстаз бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берілген білімді ақтауға тәрбиелеу.

Жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі

Іс-шараның тәртібі таныстырылып, қатысушыларға бағыт-бағдар беріледі.

ІІ. Құттықтау сөздер

Ұстаздарға арналған ізгі тілек пен алғыс сөздер айтылады.

ІІІ. Әдеби-музыкалық монтаж

Өлең, ән және жүргізушілер сөзі арқылы ұстаз еңбегінің маңызы ашылады.

Әдеби-музыкалық бөлім

1-жүргізуші

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып, тұрасың сен дирижер боп күлімдеп.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, жыр оқисың нөсер болып құйылып.

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.

Ән

«Ұстазым» — хор орындауында

Жүргізуші

Соларменен асқарларға шығасың, әлем кезіп ғылым жолын қуасың.

Сәтті басқан қадамына ырза боп, жазылып арқаң, тыныстап кең тұрасың.

Жалын атып, от болып бірге жанасың, білім беріп содан бақыт табасың.

Бар өмірің өрнектеліп баламен, жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.

1-жүргізуші

Бұл өмірде танып оң мен солымды, мен де қудым, ұстаз, сенің жолыңды.

Бір кісідей терді төктім ел үшін, іздеуге де мұршам болмай жоғымды.

Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан, қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.

Сомдап соқтым болашақтың мүсінін — тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.

1-оқушы

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де — бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қорытынды ой

Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз.