Ашық болсын кең аспан
Ынтымақ мерекесі
Мақсаты
Балалардың бірлік пен ынтымақтастық туралы түсінігін кеңейту, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосатын саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Бағдарлама
- Әнұран орындалады.
- Жүргізушінің құттықтауы және мерекелік сөз.
- Өлеңдер, тақпақтар, әндер мен билер.
Жүргізушінің ашылу сөзі
Бірлік пен ынтымағы халықтың —
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс-дәулет, бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
Осы ізгі тілекпен Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке — бірлікте, ырыс — ынтымақта» мерекелік кешімізді тамашалауға шақырамыз.
Қысқаша мәлімет
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік Еңбекшілер күні ретінде аталып өтетін. Қазір ол ынтымақтастық пен достықты дәріптейтін күн ретінде кеңінен танылған.
Өлең жолдары (оқушылар)
Әлинұр
Мамырдың бірі — достық күні,
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар —
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Еркежан
Достық — шырағымыз,
Достық — ұранымыз.
Достық — туымыз,
Достық — әніміз.
Абылай
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырымын.
Бақыт шымын әлемге,
Ұмытылмас асылымын.
Ерсұлтан
Бейбітшілік ұраны —
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны —
Еркіндігі халқымның.
Мағзұм
Достықты үлгі санаған —
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік — асыл мұрамыз.
Жүргізуші
Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік дәстүрі отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адамзаттың татулығымен ұласады.
Бейбітшілік құсы — ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Көпұлтты бірлік — ортақ құндылық
Отан — игіліктің ордасы. Бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан әр ұлттың бақ-берекесі ортақ. Елімізде түрлі этнос өкілдері достық пен сыйластықты өмір салтына айналдырған.
Эльмира
Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Алуа
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз —
Ағайынбыз бәріміз.
Шұғыла
Сары, ақпыз, қарамыз —
Бәріміз де баламыз.
Біз Отанға тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Дильназ
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Ұлттар достығы туралы жолдар
Қырғыз, қазақ, өзбек,
Моңғол, ұйғыр, дүнген,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пен украин —
Терезесі тең жатыр.
Жүргізуші
Ел тарихы да, жер тарихы да — өзіміз. Болашақтың қасиетті аманатын бірге сақтаймыз. XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық орнап, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз.
Музыкалық үзіліс
Ән: «Атамекен»
Дана
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақытқа кен жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Нұрасыл
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан —
Ортақ дала, тауымыз.
Адина
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық — туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Тоғжан
Алтын бесік — ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса, қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзінде тіл заңын.
Қорытынды
Осымен 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивалімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рақмет. Сау болыңыздар!
Шығармашылық нөмірлер
- Советхан — орындау
- Шұғыла — қазақ биі
- Нұржанқызы Мадина — «Ақ көгершін» әні