Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім
Қош бол, балабақша!
Зал іші мектепке шығарып салу кешіне сай безендірілген. Балалар көңілді әуенмен бір ұл, бір қыз болып қол ұстасып кіріп, вальс билейді де, екі жаққа қатарласа тұрып қалады.
Кештің мәні
Бір жыл бойы мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салатын ерекше сәт.
Кімдерге арналған
Қымбатты ата-аналарға, балабақша қызметкерлеріне және құрметті қонақтарға арналған салтанатты бағдарлама.
Жүргізуші сөзі
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Тәрбиеші (тақпақ)
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Жүргізуші (ашылу)
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Балалардың тақпақтары
Диана
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Еркебұлан
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл-санамыз.
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
Нұрасыл
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Көңілді көрініс: «Жалқаубек»
Жалқаубек залға жүгіріп келеді. Балалар оны қоршап алады. Жалқаубек өз әнін орындайды.
Ән: «Жалқаубек»
Жалқаубек: «Балалар, ойын ойнайықшы. Жалғыз өзім ішім пысты, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар — келіңдер, ойнайық!»
Азамат: «Жалқаубек, мына жүрісің не? Бетің-қолыңды жусаңшы. Дұрыс киін. Жалқау болма. Сенің мектепке барғың келе ме?»
Жалқаубек: «Иә!»
Тәрбиеші: «Балалар, Жалқаубекке қандай көмек керек? Ендеше, оны көмекші тәрбиеші апайларға тапсырайық. Ал біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән шырқайық».
Ән: «Ақ әжем» (Зульфина, Зейнеп, Диана)
Оқушының келуі
Жүгіріп оқушы келеді. Артынша қатарласа Жалқаубек те келеді.
Оқушы: «Сәлеметсіздер ме, балалар! “Құлыншақ” балабақшасындағы мектепке баратын балаларды өзіммен бірге алып кетейін деп келдім. Жолда Жалқаубекті кездестіріп, оны да ертіп алдым. Ол да мектепке барғысы келеді екен».
Алғыс пен құрмет
Тәрбиеші: «Балалар, балабақшадағы әр күніңіздің қызықты өтуіне еңбек сіңірген апайларға арнаған өлеңдеріңізді, билеріңізді, тақпақтарыңызды ортаға паш етіңдер».
Олжас
Орын берген бақшадан
Меңгеруші — жақсы адам.
Бізге мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Гүлляр апайым —
Мейірімі мол, шуақты.
Зульфина
Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін ақтармыз.
Сізден алған тәрбиені
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
Ментай, Айнұр, Зарина
Мақсат
Тамылжытып би билетіп үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен,
Лаура апай, сізге
Мың алғыс — сәби жүректен!
Зейнеп
Еңбек еткен еңселі,
Сырты менен ішінен,
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен —
Қоймашы Толқын, Жарқын апайға
Алғыс — сәби жүректен!
Нұрдәулет
Әр күніміз той-думан,
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Жамилә, Майра апайларға рахмет!
Хор
«Біздің балабақшамыз»
Өнер көрсету бөлімі
Кішкентай топтың сыйы
Тәрбиеші: «Балалар, сендерге кішкентай топ бүлдіршіндері өз өнерін ала келіпті».
Би: «Балапандар»
«Рахмет, бүлдіршіндер! Өнерлерің өрге жүзсін, талаптарыңа нұр жаусын».
Кеш бағдарламасы
- Би: «Жігіттер биі»
- Ойын: «Күн шуағы»
- Би: Вальс
Қорытынды құттықтау
Жүргізуші (құттықтау)
Абзал жандар — биік тұлға, байсалды,
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды меңгеруші баршаны.
Қоштасу сөздері
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Финал
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Балалар оқушымен бірге шығып кетеді