Баланың меңгеруі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Негізгі ақпарат
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Бөлімі
- Қоршаған ортамен таныстыру
- Тақырыбы
- Қыс – ғажайып мезгіл
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер
Ақпараттық құзыреттілік
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері және табиғаттағы тіршілік туралы білімді жинақтау.
- Таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау.
- Балалар меңгеруге тиіс ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту.
Коммуникативтік құзыреттілік
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау.
- Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
- Бірін-бірі тыңдай білу, топпен жұмыс істеу және жағымды қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.
Проблеманы шешу құзыреттілігі
- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсініп, соған сай кездесетін мәселелерді шешуге үйрету.
- Жұмбақ, ребус, сөзжұмбақ шешу және дидактикалық ойындарды шарт бойынша орындауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі және қыс пен жаз мезгілін салыстыра алады.
Баланың меңгеруі
Сурет бойынша әңгіме құрастыруды және әңгіме барысында бір-бірін тыңдай білуді меңгереді.
Баланың жасай алуы
Оқу іс-әрекеті барысында жұмбақтар мен ребустарды шешіп, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындай алады.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- АКТ
- Дамыта оқыту
- Ойын
- Сөздік жұмыс
- Түсіндіру
- Әңгімелесу
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Практикалық тапсырмалар
- Жұмбақ
- Ребус
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Қыс мезгілі бейнеленген суреттер
- Жұмбақтар мен ребустар
- Дидактикалық ойын материалдары
Тілдік компонент
Қыс
зима
желтоқсан
декабрь
қаңтар
январь
ақпан
февраль
Сабақ барысы: кіріспе және ынталандыру
Тәрбиешінің сөзі (өлең-жұмбақ)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Дұрыс! Қане, балалар, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінің орысша атауы — зима. Қыс айлары: желтоқсан (декабрь), қаңтар (январь), ақпан (февраль).
Бүгін мен сендерге көптеген қызықты тапсырмалар дайындадым. Белсенді қатысқандарға сыйлық ретінде «ұлпа» беріледі. Барлық тапсырма аяқталған соң, ұлпаларды санап, жеңімпаздарды атаймыз.
Мәтін тыңдау: «Қыс»
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Балалар аулада ойнап жүр: біреуі коньки теуіп, ал кейбірі төбеден төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры байқалады.
Балалар қардан аққала жасады. Аққаланың көзін көмірден, ал мұрнын сәбізден жасады. Басına қалпақ кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатты. Балалар өз еңбектеріне қуанып, қарға су құйып, сырғанақ та жасап үлгерді.
Жарайсыңдар, балалар! Енді қыста балалардың қызығын еске түсірдік. Ал ормандағы мекендеушілер туралы да ойланайық. Ол үшін жұмбақтарды шешіп көріңдер.
Жұмбақтар
-
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген келісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді. -
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. -
Орманнан, жалпақ даладан,
Бал іздеп, бірақ жортады.
Кіп-кішкентай арадан,
Үп-үлкен боп қорқады. -
Итке ұқсаған ізің-ай,
Оны қалай десек те.
Ал бір жері қызық-ай,
Ұқсап-ақ тұр есекке.
Дұрыс таптыңдар! Енді осы жануарлардың қыс мезгілінде қалай тіршілік ететінін бірге талқылайық.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық, алақанды ұрайық.
Оңға қарап иіліп, солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып, бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық, белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық, солға түзу тұрайық.
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап, бірге осылай дем алайық.