Квадраттық функцияның графигін салу дағдыларын дамыту, дербес жағдайдағы квадраттық функциялардың графиктерін түрлендірулер арқылы салу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
"№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ математика пәні мұғалімі — Естаева Айтжан Естаевна
Тақырыбы: Квадраттық функцияның графигін салу есептері
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық функцияның графиктерін салу бойынша оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылығы
Квадраттық функцияның графигін салу дағдыларын дамыту; дербес жағдайдағы квадраттық функциялардың графиктерін түрлендірулер арқылы сала білуін жетілдіру.
Тәрбиелігі
Графиктерді түрлендіру арқылы өздігінен тапсырма орындауға, қателермен жұмыс жасауға және сараптама жүргізуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Көрнекіліктер
- Миллиметрлік қағаз (A4)
- Түрлі-түсті қарындаштар
- Интерактивті тақта
- Электрондық оқулық
Ескерту
Сабақ бөлімдері ретінде Ассамблеяның негізгі міндеттері идеялық бағыт ретінде пайдаланылады.
Сабақтың бөлімдері
I. Ұйымдастыру
Қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.
Сабақты тиімді әрі мазмұнды өткізу үшін алдымен жұмысқа қолайлы жағдай жасаймыз.
- Сынып оқушыларын түгендеу
- Оқу құралдарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру
Халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қолдау құндылықтары.
Бүгінгі міндетіміз — квадраттық функцияның графигін салу туралы білімімізді дамыту және жүйелеу.
Тексеру форматы
A4 миллиметрлік қағазға орындалып келген тапсырмалар тексеріледі.
Қайталау сұрақтары
Сұрақтар слайд арқылы көрсетіледі.
Анықтама және түрлері
- Квадраттық функцияның анықтамасы
- Квадраттық функцияның дербес жағдайлары
Параметрлер мен қасиеттер
- Анықталу облысы
- a коэффициентінің рөлі ( a ≠ 0, a > 0, a < 0 )
- Дискриминанттың мәніне байланысты жағдайлар ( D > 0, D = 0, D < 0 )
Нәтиже күтілімі
Оқушылар квадраттық функцияның негізгі түрлерін ажыратып, белгілі графиктерге сүйене отырып графиктерді түрлендіру арқылы параболаның графигін дұрыс сала алады.