Бета сәулесі - шапшаң қозғалатын электрондар ағыны
Резерфорд тәжірибесі және атом моделі
Мақсаты: Резерфорд тәжірибесін түсіну және атом ядросының құрамына кіретін бөлшектердің физикалық мағынасын ашу.
Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ой қозғау: келісесіз бе?
Төмендегі тұжырымдарды талқылап, әрқайсысына дәлел келтіріңіз.
- 1) Радиоактивтілік құбылысы бір ғалымның қате қойылған тәжірибесі негізінде ашылды дегенге сенесіз бе?
- 2) Радиоактивті элементтер «өздігінен» сәуле шығарады деген тұжырымға сенесіз бе?
- 3) Радиоактивті сәулелерді адамды емдеуде қолданады дегенге келісесіз бе?
- 4) Радиоактивті сәулелер адам денсаулығына зиянды дегенге келісесіз бе?
- 5) Альфа-сәуле бір бет қағаздан өте алмайды, жұтылады дегенге сенесіз бе?
- 6) Бета-сәуле дегеніміз әртүрлі энергиядағы электрондар ағыны дегенге сенесіз бе?
- 7) Гамма-сәуле 30–40 см қалыңдықтағы алюминийден өтіп кетеді дегенге келісесіз бе?
- 8) Радиоактивті элементтер әрдайым үздіксіз сәуле шығарады дегенге сенесіз бе?
- 9) Радиоактивті элементтердің адамзатқа пайдасы көп дегенге келісесіз бе?
- 10) α-бөлшектің табиғатын 1908 жылы Джозеф Джон Томсон эксперименттік зерттеулер арқылы анықтады дегенге келісесіз бе?
Зерттеу тарихынан
Бізді қоршаған ортада сан алуан табиғи заттар мен денелер бар. Сонымен бірге қолдан жасалған көптеген бұйымдар да жеткілікті. Жер бетіндегі, мұхиттар мен теңіздердегі өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі де таңғалдырады. Осындай тірі және өлі табиғаттағы сансыз денелер мен заттар неден тұрады деген сұрақ туындайды.
Енді осы сұраққа жауапты ғылым тарихынан іздеп көрейік.
Демокрит және «атом» ұғымы
Ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460–370) «атом» (грек тілінен — «бөлінбейтін») ұғымын енгізді. Оның философиялық болжамы мынаған саяды: кез келген материалдық затты екіге бөліп, алынған бөлікті тағы да бөле берсек, ерте ме, кеш пе әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бөлшекке жетеміз. Ол — материяның бөлінбейтін атомы.
Демокриттің тұжырымдары
- Барлық денелер атомдардан тұрады.
- Атомдардың пішіндері әртүрлі болуы мүмкін.
- Атом бөлінбейді.
Беккерель және радиоактивтіліктің ашылуы
Антуан Анри Беккерель (1852–1908) — француз ғалымы, радиоактивті сәуле шығару құбылысын ашқан зерттеуші.
Альфа-сәуле
Гелий атомының ядросы (α-бөлшек).
Бета-сәуле
Жылдам қозғалатын электрондар ағыны.
Гамма-сәуле
Толқын ұзындығы шамамен 10−10 м деңгейіндегі (және одан да қысқа) электромагниттік сәулелену.
Томсонның атомдық моделі
Джозеф Джон Томсон (1856–1940) — ағылшын ғалымы. Ол атомның ерте кезеңдегі моделін ұсынды: оң зарядталған орта ішінде нүктедей электрондар «қалқып жүреді». Бұл модель жиі «ішінде мейіздері бар тоқаш» үлгісі ретінде сипатталады.
Томсон моделінде атом өлшемі бірнеше ангстрем шамасында қарастырылды (1 Å = 10−10 м).
Резерфорд тәжірибесі және ядролық модель
Эрнест Резерфорд (1871–1937) — ағылшын физигі, атомның ядролық моделін ұсынған ғалым. Ол радиоактивті түрленулерді зерттеп, α және β сәулеленулерін талдауға үлкен үлес қосты.
Негізгі қорытынды
Атом ішінде массасы үлкен, оң зарядталған ядро бар; электрондар ядроны айнала қозғалады. Бұл түсінік кейін «атомның планетарлық моделі» деп аталды.
Автор туралы
Талғар қаласы, №9 жалпы білім беретін орта мектептің физика пәнінің мұғалімі — Марьяна Тұрсынбайқызы Серікбаева.