Кисең бойға көрік

Сабақтың қысқаша сипаттамасы

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

Қысқы киімдер

Мақсаты

  • Балаларға киім, киім түрлері және қысқы киімдер туралы түсінік беру.
  • Әр мезгілге сай киімдерді атай білуге үйрету, сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс

Санамақты жаттап келу.

Көрнекіліктер

  • Жыл мезгілдеріне сай киім үлгілері
  • Ұлттық киімдер
  • Әліппе дәптері

Сабақтың барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Жылулық шеңбері

Балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Қонақтармен амандасу

Сәлемдесу мәдениетін бекіту, әдептілікке баулу.

Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап)

  • Өткен сабақтағы ертегі қалай аталады?
  • Жыл басы қай жануар болды?
  • Жыл аттарын ретімен атайық.

Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

Күнтізбелік сұрақтар

  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Бүгін нешесі?
  • Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?
  • Қыс мезгілінің тағы қандай айлары бар?

Тақырыпқа кіріспе

Қыс мезгілінде қалай киінеміз? Дұрыс, бұл уақытта жылы киінуіміз керек. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Қысқы киімдер».

Қыс мезгілінде қандай киімдерді киеміз?

Ойындар мен тапсырмалар

Дидактикалық ойын

«Мынау кімдікі?»

Шарты: киімдердің қайсысы ұл балаға, қайсысы қыз балаға арналғанын анықтап, сәйкесінше кигізу.

Дәптермен жұмыс

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды әліппе дәптерінде орындау.

Сурет бойынша жұмыс

«Балаларға арналған киім дүкені»

Суретке қарап әңгіме құрастыру, сұрақтарға толық жауап беру.

Санамақ: «Менің киімдерім»

1 дегенім — бөрік,

Кисең бойға көрік.

2 дегенім — етік,

Киер сәнді етіп.

3 дегенім — ішік,

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім — тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ.

5 дегенім — байпақ,

Іші жылы, тайпақ.

Қимыл-қозғалыс

Сергіту сәті

Қысқы қимылдарды бейнелейтін жеңіл жаттығулар орындау.

Дидактикалық ойын

«Қайсысы артық?»

Берілген киімдердің ішінен мезгілге сай келмейтінін тауып, себебін айту.

Автор және мекеме

Өңір

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы

Мекеме

С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп КММ, «Ақбота» шағын орталығы

Тәрбиеші

Омарова Гүлнұр Оразғалиевна

Ескерту

Материал: «Қысқы киімдер» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.