Оқушыларды оқулықтарыңдағы суреттерге қарату
Сабақтың тақырыбы
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Барлығы
Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады.
Көбі
Жануарлардың түрлерін анықтап, төлдерін ажырата алады.
Кейбірі
Жаңа сабақта алған білімін өмірде қолдана алады.
Ресурстар
- Үлестірмелі парақтар: жабайы және үй жануарларының суреттері; жануарлардың баспаналары, олардан алынатын өнімдер, дене мүшелері туралы үлестірмелі материалдар.
- Постерлер, маркерлер, желім, кеспе әріптер, қағаз гүлдер мен көбелектер.
- Үй жануарларынан алынатын өнімдер (көрнекілік үшін).
- Интернет-ресурстар.
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Шаттық шеңбері» арқылы амандасу және жағымды көңіл күй орнату.
Сылдыр-сылдыр шапалақ,
Міне, менің қолым.
Міне, менің жүрегім,
Сіздерді жақсы көремін.
Қазақша
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Орысша
Здравствуйте, гости!
Ағылшынша
Hello, guests!
Топқа бөлу
Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдап, соған сәйкес 3 топқа бөлініп орындарына отырады.
І топ
Қошақандар
ІІ топ
Құлыншақтар
ІІІ топ
Ботақандар
Сабақтың барысы
Өткен сабаққа шолу (сұрақтар)
- 1 Табиғат дегеніміз не?
- 2 Табиғат неше түрге бөлінеді?
- 3 Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылықтары қандай?
Жұмбақтар
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: Қой
Өзі айлакер, өзі бір қу.
Жүрген жері — айқай да шу.
Жауабы: Түлкі
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Әлемде жануарлардың түрлері өте көп. Бүгін біз жануарларды үй жануарлары және жабайы жануарлар сияқты топтарға бөліп, олардың ерекшеліктерін ажыратуды үйренеміз.
Ой қозғау
Қазақстанда тіршілік ететін қандай жануарларды білесіңдер?
Бақылау
Оқулықтағы суреттерден қай жануарларды танисыңдар?
Жіктеу
Оларды топтарға бөліңдер: қандай топтар шықты, неліктен?
Жануарлар туралы қысқаша мәлімет
Төмендегі сипаттамалар оқушылардың жануарларды танып-білуіне және олардың тіршілік ортасын, ерекшеліктерін салыстыруына көмектеседі.
Арқар
Арқар — жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзындығы 1–2 м, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде және шатқалдарда тіршілік етеді.
Тауық
Тауық — үй құстарының бір түрі. Сыртқы келбеті әртүрлі болады: ақ, ала, шұбар және басқа да түрлері кездеседі.
Сиыр
Сиыр — үй жануары. Мүйізді ірі қара — тұяқты жануар, адамға пайдалы өнім береді.
Құлан
Құлан — сырттай есекке ұқсайтын түз жануары. Жазықта, шөлейт жерлерде және тау бөктерінде тіршілік етеді.
Құндыз
Құндыз — ірі кеміргіш, сүтқоректі. Денесінің ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Жақсы жүзеді, алдыңғы аяқтарымен жер қаза алады. Қорегі — ағаштың қабығы мен сүрегі.
Түлкі
Түлкі — жыртқыш аң. Әлемде оның 30-дан астам түрі бар. Өте сақ әрі айлакер. Түлкінің қулығы туралы көптеген аңыздар мен ертегілер айтылады.
Жылқы
Жылқы — ірі, әдемі әрі жүйрік жануар. Қазақ тұрмысында жылқының маңызы ерекше: бұрын алыс жолда көлік ретінде пайдаланылған.
Аю
Аю — ірі жыртқыш аң. Денесінің тұрқы шамамен 3 м, салмағы 400–700 кг болады. Суда жақсы жүзеді және сүңгиді.
Қасқыр
Қасқыр — жыртқыш, қайсар әрі аса сақ жануар.
Дереккөз туралы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №23 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Қасымова Айқын Берікбаевна.