Фильм Желтоқсан оқиғасы
Кештің ашылуы
Жүргізушілер Қазақстанға арналған жыр жолдарымен кештің шымылдығын ашады. Көк байрақтың мәңгі желбіреуін, елдік нышандардың асқақтауын тілеп, жас ұрпақты Туды берік ұстауға шақырады.
Салтанатты сәт
- Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
- Қонақтарға, ұстаздарға, ата-аналарға және оқушыларға құттықтау сөз айтылады.
Тәуелсіздік – ең биік тұғыр
Тәуелсіздік – егемен елдің ең асыл мұраты. Оған жету жолында халқымыз талай ғасыр сыннан өтті: бостандықтың қыраны көкте еркін самғауы үшін күрделі де бұралаң белестерден өтті. Батырлық пен жігердің, биік рухтың арқасында аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдары
Тәуелсіздіктің арайлы таңы атып, ел саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімге қол жеткізді. Қазақстан халықаралық беделі жоғары, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасты.
Рухани жаңғыру
Тәуелсіздік арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз қайта түлеп, тіліміз бен дініміз, ұлттық құндылықтарымыз кең өріс алды. Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық валюта бекітілді, Конституциялық негіздер нығайды.
Музыкалық нөмір
11 «А» сынып оқушысы Жұмағали Ләйлә «Қазақстан әнін» орындайды.
Желтоқсан – қасірет те, намыс та, мақтаныш та
Тарихымызда ел жадынан өшпейтін оқиғалар бар. Олар халық тағдырымен тығыз байланысты болғандықтан ұмытылмайды. Солардың бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұл оқиға қазақ халқын дүр сілкіндіріп, тәуелсіздікке ұмтылған ұлт рухын оятты.
Жыр жолдары
Көтерілді жастарымыз алаңда,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген алыптар!
1986 жылы Алматының бас алаңына шыққан жастар жаман оймен барған жоқ. Олар әділетті талап етіп, бейбіт жолмен өз үнін жеткізгісі келді. Сол Желтоқсанға қатысқан ағалар мен апалардың ерлігі – бүгінгі тәуелсіздіктің тарихындағы ең қастерлі беттердің бірі.
Естелік сөз
16 желтоқсан – Тәуелсіздік туған күн.
Оқушылар орындауы
- 9 «А» сынып оқушысы Сейсенбек Жансая – «Егемендік – елдігім».
- Көрсетілім: «Желтоқсан оқиғасы. 1986 жыл» фильмі.
Құрбандарды еске алу
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира сынды боздақтардың есімімен өрілген тағдырлы кезең. Егемендік жолында құрбан болғандардың рухына тағзым ету – әр қазақтың азаматтық парызы.
1 минут үнсіздік
Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.
Қайраттай қайсар ұлдардың жанымен келген еркіндік,
Жазира мен Ләззаттың арымен келген еркіндік,
Қасірет пен қайғының бәрімен келген еркіндік.
Тілек
Тәуелсіздік мәңгі сақталсын. Үмітіміз ақталып, бірлігіміз бекем болып, бейбіт өмір баянды болсын.
Музыкалық нөмір
10 «Б» сынып оқушысы Пірімжан Мадина «Мен қазақтың қызымын» әнін орындайды.
Тарихи түйін
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдерістің жеделдеуіне жол ашты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз, демократиялық мемлекет ретінде жаңа кезеңге қадам басты. Алда саяси және экономикалық жаңғыру стратегиясын айқындау міндеттері тұрды.
Қорытынды сөз
Тәуелсіздік туы халқымыздың бағына тігілді. Жас ұрпақ елдікті ғасырларға жалғап, ата-баба рухына дақ түсірмей, ерлік пен еңбекті үлгі етуге тиіс. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді, өйткені оның тарихтағы орны айрықша.
Кештің жабылуы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» кеші жабық деп жарияланады.
5 «А» сынып оқушысы Сражаддин Әли «Жаса, Қазақстан!» әнін орындайды.