Сайқымазақтардың доптары арқылы өрнектер құрастыру, тақтаға жазу

1-сынып Математика Пысықтау есептері Аралас сабақ Дәстүрлі формат

Бұл сабақта оқушылар 4 санын қосу және азайту кестесін бекітіп, сурет бойынша өрнек құрастыру дағдыларын дамытады. Сабақ құрылымы ойын, сұрақ-жауап және тәжірибелік тапсырмалар арқылы ұйымдастырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • 4-ті қосу және азайту кестесін одан әрі дамыту.
  • Сурет бойынша өрнек құрастыруды жүйелі түрде үйрету.
  • Бұрын меңгерілген білімді жаңғырту және бекіту.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа, жинақылыққа және әсемдікке баулу.
  • Алманың пайдасын ұғындыруға ықпал ету.

Дамытушылық

  • Логикалық ой-өрісін кеңейту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Әдістер мен көрнекіліктер

Оқыту әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын арқылы оқыту
  • Талдау және жинақтау

Көрнекіліктер

  • Суреттер, сызбалар, үлестірмелі материалдар
  • Математика оқулығы, әдістемелік құрал
  • №3 жұмыс дәптері

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы әр оқушыдан жеке тексеріледі. Қосымша бекіту үшін әр балаға бір мысалдан оқытылады.

3) Өткен сабақты бекіту (ауызша есептер)

  1. Гаражда 9 машина тұр еді. Оның 4-еуі таңертең шығып кетті. Қанша машина қалды?
  2. Бұтақта 3 торғай отыр еді. Тағы 4 торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды?
  3. Қосылғыштар: 3 және 5. Қосындының мәні қандай?
  4. Қосылғыштар: 6 және 4. Қосындының мәні қандай?
  5. Көршілері 2 мен 5 болатын сан қандай?
  6. Көршілері 8 бен 10 болатын сан қандай?
  7. Азайғыш 6, азайтқыш 4. Айырманың мәні қандай?
  8. Азайғыш 8, азайтқыш 4. Айырманың мәні қандай?

Ойын: «Нысанаға тигіз»

Мұғалім мысалдарды айтады, ал балалар дұрыс жауабы бар карточканы көтереді. Дұрыс көрсетпеген оқушы ойын шартында «ұсталып қалады».

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, бүгін біз 4 санын қосу және азайтуды одан әрі үйренеміз. 4 санына байланысты және басқа да әртүрлі есептерді шығарамыз.

— Әртүрлі есептерді шығаруға дайынбыз ба?
— Сабағымызды бастаймыз, жамандықты тастаймыз!

4) Оқулықпен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелеу: «Суретте нені көріп тұрсыңдар? Сайқымазақтар қайда өнер көрсетеді?»

Сайқымазақтардың доптары бойынша өрнек құрастыру, тақтаға жазу және талдау.

5) Дәптермен жұмыс

№1 тапсырма

Кестені толтыру.

№2 тапсырма

Аулада жүргені
9 бала
Кеткені
4 бала
Қалғаны
?

Шешуі

9 − 4 = 5

Жауабы: 5 бала қалды.

6) Тақтамен жұмыс

№3 тапсырманың I бағанын оқушылар тақтада орындайды.

Мысал
9 − 1
Мысал
36 − 4
Мысал
78 − 3
Ескерту
Түсіндіру және тексеру

7) Сергіту сәті

4 санына байланысты өлең айтып, қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

8) Көрнекілікпен жұмыс

Тапсырма: «Қолшатырды боя»

Оқушыларға берілген сурет бойынша нұсқаулықты орындау.

Оқулықтағы №4 тапсырма алдын ала дайындалған суреттер арқылы түсіндіріліп, қосу мен азайтуға арналған өрнектер тақтаға жазылады:

Қосу
5 + 3 = 8
Азайту
8 − 3 = 5

9) Ойын: «Фигураны ата»

Демонстрациялық материалдан бірнеше геометриялық фигура көрсетіледі. Оқушылар фигуралардың атауын айтып, ажыратады.

Құрал: геометриялық конструктор

Құрастыру арқылы пішіндерді бекіту және салыстыру.

10) Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталады. Білім деңгейіне қарай жұлдызша, шаршы және үшбұрыш белгішелері үлестіріледі.

11) Үй тапсырмасы

  • Логикалық тапсырманың II бөлімін орындау.
  • «Е» әрпінің астын сызу.
Сабақтың мақсаты
Әдістер мен көрнекіліктер
Сабақ барысы
Үй тапсырмасы