Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен деңгейлік тапсырмалар төмендегі лексикалық тақырыптар бойынша беріледі. Тапсырмалар оқушылардың мәтінді түсінуі, тілдік талдау жасау дағдылары және өз ойын жүйелі жеткізу қабілетін дамытуға бағытталған.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл
Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткен кезде оқушыларға төмендегідей деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
I деңгей
- «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқыңыз, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айтыңыз.
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
II деңгей
- Өлеңді оқып, негізгі идеясын ашыңыз.
-
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз (түбір, қосымша, I–II жақ, жекеше/көпше т.б.):
бесікте тілің тілмен ақылы айтылады
-
Нүктенің орнына керекті жауапты таңдаңыз:
1) Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
- a) Байрақ, жалау, жалауша
- ә) Таңба, белгі, мөр
- б) Ту, елтаңба, әнұран
2) Қазақ елі туының түсі ...
- a) қызыл
- ә) сары
- б) көк
3) Зеңгір көк ... белгісі
- a) адалдықтың, тазалықтың, аспанның
- ә) қуаныштың, жеңістің
- б) жамандықтың, бейбітшіліктің
4) Күнге табыну ... дүниеге келген
- a) батыста
- ә) солтүстікте
- б) шығыста
5) Күн бейнесі ... белгісі
- a) татулықтың
- ә) байлық пен берекенің
- б) достықтың
III деңгей
- «Қазақ тілі» өлеңінің мазмұнын әңгімелеңіз.
-
Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз:
туған тілім тіл байлығы мақтанышым құдіретті үлгі-өнеге
Қазақстан Республикасы — тәуелсіз ел
I деңгей
-
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз ел» мәтінін оқыңыз:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол — тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егемен ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Біздің туымыз — тәуелсіздік, тілегіміз — бейбітшілік пен тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау — әрбір азаматтың борышы.
-
Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, көптік жалғауын жалғаңыз (үлгі: отбасы+лар, жанұя+лар):
- Үй: ............................................................
- Ана: ............................................................
- Ата-ана: ............................................................
- Дос: ............................................................
- Туыс: ............................................................
II деңгей
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
- Отан туралы 5 мақал-мәтелді дәптеріңізге жазыңыз.
III деңгей
- Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
-
Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдырыңыз:
бейне ой бас би
Мемлекеттік мерекелер
I деңгей
-
«Ұстаз мерекесі» мәтінін түсініп оқыңыз:
Ұрпақ тәрбиесі — ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мұғалім — байырғы мамандықтардың бірі.
-
Төмендегі сөздерге III жақта тәуелдік жалғауларын жалғаңыз:
ата-ана ата-әже әке ана бала қыз ұл тұңғыш ортаншы кенже жеңге жезде немере сіңлі қарындас іні аға
II деңгей
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
- Астана мерекесін өз сөзіңізбен 8 сөйлем көлемінде әңгімелеп беріңіз.
-
Мына етістіктермен сөйлем құрастырыңыз:
орналасты еңбектен біледі ақылдас жазылды кеңесу билеу
III деңгей
- Мәтінге жоспар құрыңыз.
- «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбы бойынша білімді тексеруге арналған эссе жазыңыз.
Кең-байтақ Қазақстаным
I деңгей
-
Мәтінді түсініп оқыңыз:
Қазақстан — ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осы қасиетті мекенде, асқақ Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген өңірде өмір сүретін әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
-
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз:
1) Ер жігіттің аты жақсы болса — бір бақыт, алған жары жақсы болса — мың бақыт.
2) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің; ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
-
Түсіндірме сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын табыңыз:
ескертпе бірлік қуат сақ
-
Нүктенің орнына керекті жауапты таңдаңыз:
1) Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
- a) Байрақ, жалау, жалауша
- ә) Таңба, белгі, мөр
- б) Ту, елтаңба, әнұран
2) Қазақ елі туының түсі ...
- a) қызыл
- ә) сары
- б) көк
3) Күнге табыну ... дүниеге келген
- a) батыста
- ә) солтүстікте
- б) шығыста
III деңгей
- «Кең-байтақ Қазақстаным» тақырыбында білімді тексеруге арналған эссе жазыңыз.
Табиғат тамашасы
I деңгей
-
Мәтінді түсініп оқыңыз:
Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын Күндей қастерлеу — ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:
- 1) ... ің атым ...
- 2) ... дің отбасымыз тату-тәтті.
II деңгей
-
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
- Адамның дені сау болуы үшін не керек?
- Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
- Дүниежүзілік проблема қандай?
- Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?
-
Сөздердің антонимдерін табыңыз:
- 1) Жақсы — ...
- 2) Ұзын — ...
- 3) Аққұба — ...
- 4) Жалқау — ...
- 5) Ақылды — ...
III деңгей
- Мәтінге жоспар құрыңыз.
- Мәтінді мазмұндаңыз.
Хайуанаттар әлемі
I деңгей
-
«Ит — жеті қазынаның бірі» атты мәтінді оқып, аударыңыз:
«Ит — жеті қазынаның бірі», «Ел жатпай, ит тынбас», «Ит иесін қорғайды», «Ит — үйдің құлағы» деген секілді мақал-мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал-мәтелдерде адамға тән жақсы-жаман мінез-құлықтар мен іс-әрекеттер суреттеледі. Соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық сияқты мінез-құлықтардың көбі ит пен есек арқылы берілген десек, асыра айтқандық болмас.
-
Синонимдік қатарды жалғастырыңыз:
- 1) Сұлу, ажарлы, ................................ қыз.
- 2) Батыр, ержүрек, ................................ жігіт.
- 3) Сабырлы, салмақты, ................................ дос.
II деңгей
- Мәтін бойынша 4–5 сұрақ құрастырыңыз.
-
Тест тапсырмаларын орындаңыз:
1) Септік жалғау ...
- a) заттың көптігін білдіру үшін
- ә) сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
- б) заттың біреуге тән екенін білдіреді
2) «Балапан» сөзі қай септікте тұр?
- a) атау септік
- ә) ілік септік
- б) шығыс септік
III деңгей
- Мәтінге жоспар құрыңыз.
- Мәтінді мазмұндаңыз.
Табиғат аясында
«Табиғат аясында» лексикалық тақырыбын өткен кезде де оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
I деңгей
-
Мәтінді түсініп оқыңыз:
Қоршаған орта — біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастамаңыз. Өзіңізді қоршаған ортаны ластамаңыз, қағазды жыртып тастамаңыз. Суға түкірмеңіз, қоқыс тастап бүлдірмеңіз. Ағаштың бұталарын сындырмаңыз, гүлді жұлмаңыз. Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады, өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді. Жауыннан жиналған шалшықты кешпеңіз. Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды, себебі ол — балықтардың мекені. Балықтың тіршілігі суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу — әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.
-
Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз:
a) Мен — қазақпынә) Олар — жастарб) Жомарттың әкесів) Астанадан келді