Таулы жердің жануарлары

Сабақтың тақырыбы

Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары, сондай-ақ оларды қорғау туралы білімін тереңдету және тақырып мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық

Танымдық белсенділікті арттыру, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылықты қолдау.

Тәрбиелік

Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, оларды қорғай білуге тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктер

  • Жануарлар суреттері бар фотоальбом
  • Өсімдіктер суреттері
  • Жануарлар дүниесі берілген кесте
  • Таулар мен қорықтардың суреттері
  • Буклеттер
  • Карта

Педагогикалық технологиялар

  • Ынтымақтастықта оқыту
  • Ұжымдық және топтық оқыту
  • Дамыта оқыту

Әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау
  • Топтастыру
  • Көрнекілік
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс және құралдар

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану, математика.

Оқыту құралдары

Оқулық, компьютер, слайд, дәптер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Таулы жер өсімдіктері
  2. Таулы жер жануарлары
  3. Рефератты қорғау

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу

Сұрақтар
  1. Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады?
  2. Тұзды көл.
  3. Көзге көрінбейді, ұстасаң қолға ілінбейді.
  4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң.
  5. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар.
  1. Жүрісі бар, түрі жоқ; үні бар да, тілі жоқ. Ұстатпайтын қашаған, жермен бірге жасаған.
  2. Шөлге шыдамды жануар.
  3. Қыздар тағатын бұйым.

Қазақстанның таулары

Орталық Азиядағы Тянь-Шань тау жүйесінің құрамында көптеген Алатау жоталары бар. Алатауды түрік, әзербайжан, түрікмен халықтары «Аладаг», қырғыздар «Алатоо», алтайлықтар «Алатуу», өзбектер «Олотог» деп атайды. Қар мен мұз белдеулерінің айқын көрінуіне байланысты ол «Алатау» атауын алған.

Талғар шыңы маңында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және басқа да жануарлар мекендейді.

Алтай тауы Қазақстанның шығысында орналасып, Ресей, Қытай және Моңғолия аймақтарына жалғасады. Алтай — Қазақстанның ну орманды өңірлерінің бірі.

Ұлытау — Қарағанды облысы аумағындағы аласа тау. Ең биік нүктесі — Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек пен аққайың өсетін орман алқаптары кездеседі.

Қаратау тарихтағы орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірлесіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде бас қосып, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылған.

Тарбағатай — Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай аумағындағы орташа биіктіктегі тау.

Қазақстан аумағына Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар ғана кіреді. Мұғалжар Жаманқала маңынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан: ұзындығы — 450 км, ені — 30 км, орташа биіктігі — 450–500 м.

Қазақстан қорықтары

Ақсу-Жабағылы қорығы

Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Батыс Тянь-Шаньның Талас Алатауы мен Өгем жоталарының табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін және басқа да жануарлар кездеседі.

Алматы қорығы

Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың табиғи байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аю, арқар, ұлар бар.

Наурызым қорығы

Қостанай облысының оңтүстігінде, Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғатын қорғау үшін құрылған. Қорық аумағында Наурызым қарағайлы орманы және көптеген шағын көлдер бар. Дуадақ, ителгі, қызықжемсаулы қаз және басқа да «Қызыл кітапқа» енген құстар ұшырасады.

Барсакелмес қорығы

Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында құрылған. Мұнда шөлейт және шөл аймақтарының табиғаты қорғалады. Қорықта құлан мен қарақұйрық мекендейді.

Қорғалжын қорығы

Ақмола облысындағы көптеген көлді алқаптың табиғатын қорғау мақсатымен құрылған. Бұл өңірде қоқиқаз, дуадақ, ақбас тырна және өзге де құстар тіршілік етеді.

Марқакөл қорығы

Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аю, қара дегелек, Алтай ұлары, кәмшат және басқалары мекендейді.

Үстірт қорығы

Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөл табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Қорықта жорға дуадақ, қарақұйрық, ителгі сияқты сирек түрлер кездеседі.

IV. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Тізбектей оқу.

Дәптермен жұмыс

Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақ қорық деп аталады.

V. Сабақты қорытындылау

Бекіту

Сауалнамалық тест.

Бағалау

Оқушыларды бағалау және мадақтау.