Қойылған сұрақтардың блум өлшемдерінің қай деңгейіне жататындығын анықтау
БҚО, Орал қаласы
№1 жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Алипова Гүлназ Түрақбайқызы
Мақсаты мен міндеттері
- Әңгіменің мазмұнын, жазушының өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру арқылы ел тарихын және әдебиетін білуге, оны құрметтеуге үйрету.
- Топтық жұмыс арқылы бірлік пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы ой қорытуға, талдауға үйрету.
- Критериалды бағалау арқылы өзіндік сыни көзқарасты, әлеуметтік белсенділікті дамыту; өзіне және өзгенің жұмысына талдау жасап, баға беру дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Әңгіменің мазмұнын толық меңгереді, тақырыбын ашады, тарихи мағлұмат алады.
- Сыныпта ынтымақтастық қалыптасып, бірлесе жұмыс істеуді үйренеді.
- Өзіндік сыни көзқарас қалыптасып, критерий арқылы өзін бағалауды меңгереді.
Пәнаралық байланыс
Тарих
Сабақ форматы
Оқу, талқылау, постер қорғау, бейнематериал қарау, сұрақ-жауап, жоспар құру, эссе және рефлексия.
Сабақ кезеңдері
I кезең. Қызығушылықты ояту
Сабақ басында оқушылардың белсенділігін арттыру, өткенді еске түсіру және топтық жұмысқа жұмылдыру көзделеді.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар Рудаки өлеңдерін жатқа айтады.
Бағалау критерийлері
- 5 — Рудаки туралы презентация, өлеңді жатқа айту, тақырыбын аша білу, «Найман ана» әңгімесін оқып келу.
- 4 — Өлеңді жатқа айту, тақырыбын ашу, «Найман ана» әңгімесін оқып келу.
- 3 — Тапсырмалардың біреуі ғана орындалса (мысалы, өлеңді жаттау).
Тренинг және топқа бөлу
Өлең жолдары жазылған қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді:
- 1)«Әрқашанда таза болсын»
- 2)«Ар-ожданың, жүрегің»
- 3)«Өзгелер де саған адал»
- 4)«Әділ болар, білемін»
Кластер құру
«Ең жақын адам» ұғымына қатысты сөздер беріледі: жанашыр, асыл адам, жүрегі жұмсақ, ақылшы. Оқушылар бұл сипаттамалардың кімге қатысты екенін анықтайды.
Бағалау: шапшаңдық пен белсенділік ескеріледі.
II кезең. Мағынаны тану
Бүгінгі тақырып ана бейнесімен тығыз байланысты: Ш. Айтматовтың «Найман ана» әңгімесі. Мақсат — мазмұнын түсіну, тақырыбын ашу және бірлесе жұмыс істеу.
Тапсырма 1. Мәтінмен жұмыс және постер қорғау
4 топқа 4 түрлі мәтін беріледі. Әр топ: жеке оқу (1 минут), топта талқылау (2 минут), постер жасау және қорғау кезеңдерінен өтеді.
I топ
Ш. Айтматовтың өмірі туралы мәлімет
II топ
Ш. Айтматовтың шығармалары
III топ
«Найман ана» әңгімесі: тақырыбы мен идеясы
IV топ
Жуандар және мәңгүрттер
Бағалау: әр оқушының талқылауға қатысуы, ойын тұжырымдап жеткізуі және қорғай білуі ескеріледі.
Көрсетілім
«Ғасырдан да ұзақ күн» романы негізіндегі қойылымнан үзінді (бейнеролик) көрсетіледі.
Тапсырма 2. Сұрақ-жауап (жуан және жіңішке сұрақтар)
Әр топ бір-біріне қорғаған тақырыптары бойынша бір жуан және бір жіңішке сұрақ дайындайды. Қойылған сұрақтардың Блум таксономиясындағы деңгейі анықталады.
Түсіну
Ш. Айтматовтың шығармаларын ата. Оның еңбектері неше тілге аударылған?
Талдау
Жоламанның тағдыры арқылы жазушы нені айтқысы келді?
Бағалау
Ана-Бейітті халық неге соншалық қасиет тұтады?
Бағалау
Ана басындағы ақ жаулық неліктен құсқа айналды?
Бағалау: сабаққа қатысу белсенділігі және сұрақ қоя білу деңгейі ескеріледі.
Тапсырма 3. Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құру
Оқушылар жоспарды жеке (1 минут), жұпта (1 минут), топта (1 минут) құрастырады. Кейін әр топ өз жоспарын қорғайды да, соңында ортақ бір жоспар жасалады (интерактивті тақтада).
Бағалау: талқылауға қатысу, ойды нақты жеткізу, бөлімдерді сауатты бөлу.
III кезең. Қорытынды, бағалау және рефлексия
Сабақ соңында қорытынды жасалып, келесі қадамға бағыт беретін тапсырмалар арқылы оқушының ойлануына мүмкіндік жасалады.
Электронды оқулықтан бейнеролик
Мақсаты — үй тапсырмасы ретінде берілетін эссеге ой салу. Оқушылар бейнероликтегі тақырыппен байланысты ойларын жинақтап, эссе жазуға дайындалады.
Бағалау
Оқушылар белгіленген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды. Мұғалім түсіндірме бере отырып, қорытынды бағалауды жүргізеді.
Ескерту: бағалау критерийлері сабақ басында тақтаға ілінеді және оқушыларға таратылып беріледі.
Үй тапсырмасы: эссе
Тақырыбы: «Мәңгүрттік: кеше және бүгін»
Эссе жазу критерийлері
- Тақырыптың ашылуы.
- Сөздік қорды орынды пайдалануы.
- Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдануы.
- Ойын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізе білуі.
- Өздігінен қорытынды жасай алуы.
Рефлексия
Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша рефлексия жазады. Әр топтан 3 оқушы өз жұмысын оқып береді.
- Әңгімеде маған не әсер етті?
- Несімен әсер етті?
- Мен не үйрендім?
- Келесі сабақта нені үйренгім келеді?