Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне ену үшін заман талабына сай үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу
«Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу»
Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан күллі әлемдік жаңа идеология, ең алдымен, білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. ХХІ ғасыр – білекке емес, білімге; күшке емес, епке тоқтаған заман.
Стандарттан шығу: жаңаша ойлау қажеттілігі
Мына логикалық тапсырмаға назар аударайық: 9 нүктені 4 сызықпен басып өту керек. Негізгі ой – стандартталып қалған күйден шығып, кең көлемде және жаңаша ойлау. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – білім беруді түбегейлі өзгерту.
XXI ғасыр сұрағы: нені оқытамыз және қалай дайындаймыз?
Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең өзекті сұрақтар мыналар:
- XXI ғасырда нені оқыту керек?
- Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?
Қазақстандағы жаңғырту бағыты
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі – білім беру мен денсаулық сақтау.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім беру жүйесін жаңғырту жолында білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізудің маңызын атап көрсетіп, қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге жақындатуға ықпал етті.
Мұғалім біліктілігін арттыру және Кембридж тәсілі
Осыған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Әлемдік тәжірибедегі озық үлгілердің бірі – Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген Кембридж тәсілі. Бұл бағыт елімізде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыратын мұғалімдерге арналған 3 айлық курстар арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты
- Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне енуі үшін заман талабына сай үздіксіз білімін және кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу.
- Бүгінгі күннің талабы саналатын оқытудың инновациялық технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талап
Мұғалім – қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан, кәсіби даму үздіксіз жүруі тиіс.
Сергіту сәті: желілік қоғамдастық
Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеруі қажет. Сондықтан өз құзыреттілігін арттыру және кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің әлемдік желілік байланыста болуы маңызды.
1) Пәнді терең білу
Мұғалім өз пәнін жетік меңгеріп, мазмұнды дәл әрі түсінікті жеткізе білуі керек.
2) Жаңа педагогикалық технологиялар
Оқытудың жаңа әдістерін меңгеру – оқушының белсенділігін арттырып, нәтижені жақсартудың негізгі жолы.
3) АКТ мүмкіндіктерін игеру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу үдерісін түрлендіріп, қолжетімді әрі тиімді етеді.
Сапалы білім беру осы үш элементке сүйенеді. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі – оқушылардың білімді жай ғана меңгеруі емес, оны орынды жерде, өмірде қолдана білуіне басымдық беру.