Қолдарыңды созыңдар

Семей қаласы №23 ЖОББМ КММ Математика Аралас сабақ

Бастауыш сынып мұғалімі

Сүйеукенова Шолпан Шәкеновна

Тақырыбы

Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және жүйелеу.

Сабақтың міндеттері

  1. Есеп шығару барысында ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті тапсырмалар арқылы дамыту.
  2. Топпен жұмыс істеуге, алғырлыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі Дүниетану

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Иллюстрациялық құралдар
  • Ұжымдық карточкалар
  • Кестелер

Сабақтың барысы

Төмендегі жоспар оқушылардың білімін бекітуге бағытталған кезең-кезеңімен ұйымдастырылған жұмыс түрлерін қамтиды.

I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Жылы кіріспе

Сабағымыз басталды, Қосамыз да аламыз, Көбейтеміз, бөлеміз — Математиканы білеміз, Сондықтан да сүйеміз.

Сұрақ:

Балалар, сендер қандай оқушысыңдар?

  • Мен жақсы оқушымын, өйткені сабақты жақсы оқимын.
  • Мен жақсы оқушымын, өйткені мұғалімді мұқият тыңдаймын.

Жанұя тақырыбына кіріспе:

Дүниедегі ең қымбат адамдар кімдер? (әке, ана, ата, әже, аға, іні және т.б.)

Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? Жанұя.

Топқа бөлу

Бүгінгі сабағымызды «жанұя» топтары арқылы өткіземіз. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өз үйлерін таңдайды.

1-үй

Қызыл шатыр

2-үй

Жасыл шатыр

3-үй

Сары шатыр

II. Білімді диагностикалау (ауызша есеп)

Жылдам ойлау

Тыңдаңдар, қыздар! Тыңдаңдар, ұлдар! Қолдарыңды созыңдар! Алақандарыңды ашыңдар! Қайсымыз «бес» алудан қашпаймыз? Ендеше ауызша есеп бастаймыз.

I жанұя (Қызыл шатыр)

270 : 3 + 2 =
1200 : 4 + 20 =
9 × 9 − 1 =
1000 × 1 + 4000 =
200 × 2 − 100 =
90 : 3 + 300 =

II жанұя (Жасыл шатыр)

450 : 5 + 10 =
3600 : 6 + 30 =
5 × 5 − 2 =
150 : 5 + 1 =
2000 × 2 + 600 =
2000 × 2 + 300 =

III жанұя (Сары шатыр)

180 : 2 + 10 =
3500 : 7 + 100 =
4 × 4 − 5 =
60 : 3 + 40 =
500 × 2 − 200 =
900 × 1 − 900 =

III. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру

Күзгі еңбек

Жұмбақ

Жиын-терін болатын, Қамбаға астық толатын, Қызыл қырман қайнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Күз

Тақырыптық байланыс

Күз мезгілінде әрбір жанұя қысқа қызу дайындалады. Бүгін біз де сабақ барысында «мая үйіп», «отын кесіп», «жеміс-жидек теріп» еңбек етеміз.

«Күздің бір күні — бір айын асырайды».

Кезең 1

«Мая үйю»

Оқулықпен жұмыс: №7 есеп.

  • 1-жанұя есептің берілгенін оқып, есепте не белгілі және не белгісіз екенін анықтайды.
  • 2-жанұя есептің шартын түсіндіріп, тақтаға жазады.

Кезең 2

«Жеміс жинау»

Тақтамен жұмыс: №3 тапсырма. Әр дұрыс шығарылған есеп үшін топтар «жемістерін» жәшікке салады.

12 сағ = … мин
1 ғасыр 25 жыл = … жыл
12 сағ 15 мин = … мин
63 дм 54 см = … см
91 м 102 см = … см
18 км 560 м = … м

Кезең 3

«Отын кесу»

Өзіндік жұмыс: №4 тапсырма.

Сергіту сәті

«Қарға жорға» биі.

IV. Білімді бекіту: «Қонаққа барайық»

Иә / Жоқ

«Иә, жоқ» ойыны: әр топ берілген тұжырымдардың дұрыстығын анықтайды. Дұрыс орындаған оқушыларға сыйлық беріледі.

1-үй (Қызыл шатыр)

  • Бір жылда 12 ай бар.Иә
  • Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.Жоқ
  • 1 метрде 100 см бар.Иә
  • 480 : 6 = 80.Иә

2-үй (Жасыл шатыр)

  • Бір айда 40 күн бар.Жоқ
  • 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.Иә
  • 540 : 9 = 60.Иә
  • 1 сағатта 60 минут бар.Иә

3-үй (Сары шатыр)

  • 1 ғасырда 100 жыл бар.Иә
  • 8 наурыз — Жеңіс күні.Жоқ
  • 90 : 10 = 9.Иә
  • 1 кг = 100 г.Жоқ

V. Қорытынды және рефлексия

Сабақ соңында әр «жанұя» тобының нәтижесі жинаған «жемістері», алған сыйлықтары, «кескен отындары» және деңгейлік тапсырмаларды орындау сапасы бойынша қорытындыланады.

Үй тапсырмасы және тәрбиелік түйін

«Ырыс алды — ынтымақ» демекші, береке мен бірліктің арқасында біз бүгін бір жанұяның баласындай еңбек еттік.

Ризамыз өмірге, Ризамыз, ризамыз бүгінге. Ризамыз, ризамыз ертеңге, Ризамыз, ризамыз бәріне.