Мақал - мәтелдер туралы түсінік беру
Сабақ тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сілтеме: стандарт, әдебиет пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар.
Сабақтың мақсаты
- Мақал-мәтелдер туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушы бойында өз бетінше білім алу дағдысын дамыту және жүйелеу.
Күтілетін нәтиже
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығын ажыратады.
- Ой-өрісі кеңейеді.
- Топта жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
- Бір-бірінің пікірін тыңдап, ойын еркін жеткізеді.
- Шығармашылық қабілеті артады.
- Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Ресурстар
Сабақтың жүру барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сергіту сәті.
- Тренинг: тұспалдап жеткізу.
Топтастыру
- Мақал-мәтелдердің бөліктері таратылады.
- Оқушылар құрастырып, топтарға бірігеді.
Миға шабуыл (сұрақтар)
- Наурыз жырларында қандай ойлар айтылады?
- Наурыз жырларының қазіргі күндегі маңызы қандай?
Ескерту: сұрақтар алдыңғы білімді еске түсіруге және пікір айтуға бағытталады.
Жаңа сабақ (қызығушылықты ояту)
Әр топқа мақал-мәтелдер беріледі. Топтар өзара пікірлесу арқылы олардың ортақ тақырыбын анықтайды.
Мағынаны тану
- Оқулықпен жұмыс.
- Талдау және талқылау.
Ой толғаныс
Оқушылар тақырып бойынша қорытынды пікір айтып, дәлел келтіреді.
Шығармашылық жұмыс
Тақырыпқа сай шағын жұмыс орындау: мақал-мәтелдің мағынасын ашу, өмірмен байланыстыру, мысал келтіру.
Үй тапсырмасы
Мақал-мәтелдер бойынша тапсырма беру (оқулыққа сай).
Бағалау
Формативті бағалау.
Рефлексия
Оқушының бүгінгі оқу нәтижесін қысқаша пайымдауы.
Рефлексияға арналған сұрақтар
- Оқушылар бүгін нені оқып-үйренді?
- Сабақ құрылымы сәтті жоспарланды ма?
- Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
- Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?
- Сынып оқушылары туралы қандай жаңа мәлімет алынды?
- Келесі сабақта қандай тақырып қарастырылады?