Нұрпейіс Байғанин кім

Сабақтың тақырыбы

Әдебиеттік оқу (3-сынып). Нұрпейіс Байғаниннің «Амангелді батырым» өлеңі.

Мақсаты

  • Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеясын анықтау.
  • Амангелді батыр туралы мағлұмат алу.
  • Топта талқылау арқылы өз бетінше меңгеруге, бір-біріне түсіндіруге және өзін-өзі реттеуге ықпал ету.
  • Шағын топта үйлесімді әрекеттесуге баулу.
  • Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Өлеңді топта талқылап, өз бетінше меңгереді және бір-біріне түсіндіреді.
  • Өзін-өзі реттеу дағдыларын қолданады.
  • Амангелді батыр туралы негізгі мәліметтерді біледі.
  • Шағын топта бірлесіп жұмыс істеп, ортақ шешім шығарады.

Негізгі идея

Бірлесіп жұмыс жасау, ортақ пікірге келе білу, бір-бірін тыңдау және әділ бағалау.

Тапсырма көздері

Ой қозғау, мағынаны тану, сұрақ қою, топтық және жеке жұмыстар.

Қажетті құрал-жабдықтар

Слайд-суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері

Сабақты Саққұлақ бидің мына өлеңімен бастайық:

Адамның басшысы — ақыл,

Жетекшісі — талап,

Шолғыншысы — ой,

Жолдасы — кәсіп,

Қорғаны — сабыр,

Қорғаушысы — мінез.

Сұрақ: Ақыл, талап, сабыр, ой, мінез сияқты қасиеттер кімнің бойынан табылады? Жауап: Адамның бойынан.

Ендеше, осы қасиеттер бойынша топқа бөлінейік:

I-топ

Ақыл

II-топ

Талап

III-топ

Сабыр

IV-топ

Мінез

Қосымша сұрақ: Осындай қасиеттерді тағы кімдердің бойынан көруге болады? Жауап: Батырлардың бойынан.

II. Үй тапсырмасын тексеру (Махамбет пен Жақия)

Ұйымдастыру

  • Әр топтан топ басшысын сайлау.
  • Әр топқа бөлім бойынша сұрақтар беру.
  • Әр топ бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалау.

Қосымша

Әр топтан Махамбеттің өлеңін жатқа сұрау.

Ақыл тобы (I бөлім)

  1. Сұрақ: Исатай мен Махамбет не үшін күресті?
    Қайғылы қара заманда қазақ халқының азаттығы үшін күресті.
  2. Сұрақ: Жақия деген кім? Ол неше жаста еді?
    Исатайдың батыр баласы. Шамамен 14 жаста болған.
  3. Сұрақ: Ол қандай болған?
    Ержүрек, қайратты, мерген болған.

Талап тобы (II бөлім)

  1. Сұрақ: Жақияны жаулар немен қоршап алды?
    Найзамен қоршап алды.
  2. Сұрақ: Махамбет кімді қорғады?
    Жақияны төнген найзадан қорғады.
  3. Сұрақ: Махамбет нені ұмытқан сияқты?
    Өзін қорғауды мүлде ұмытқан сияқты.

Сабыр тобы (III бөлім)

  1. Сұрақ: Жаумен жалғыз алысқан Махамбет қандай амал ойлап тапты?
    Астындағы көпшікті жұлып алып, жүнін бұрқыратып шашқан.
  2. Сұрақ: Сен жас батырсың. Қолың абайсызда жаудың қолына түссе, қоршаудан шығу үшін қандай айла ойлап табар едің?
  3. Стратегия: «Қаламды ортаға»
    Оқушылар тапсырма бойынша қысқаша жауап жазады да, қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім ортаға жиналған қаламдардың бірін көрсеткенде, сол қаламның иесі жауап береді.

Мінез тобы

  • Махамбет пен Исатайға мінездеме береді.
  • Алып келген қосымша мәліметтерін оқиды.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау: Біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз? Жауап: «Ата-бабам тарихы — менің тарихым».

Сұрақ: Бұл бөлімде кімдер туралы айтылады? Жауап: Батырлар туралы.

1) Оқулықпен жұмыс: сөзжұмбақ

  • Қаракерей … (Қабанбай)
  • Исатайдың серігі … (Махамбет)
  • Жақияның әкесі … (Исатай)
  • Исатайдың тұлпары … (Ақтабан)
  • Қанжығалы … (Бөгенбай)
  • Ағыбай батыр заманының ханы … (Кенесары)
  • Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманының ханы … (Абылай)
  • Қорғансыз, есеңгіреген халықтың күйі … (Шұбырынды)
  • Исатай мен Махамбет батырлар заманының ханы … (Жәңгір)

Торкөзде шыққан сөз: Амангелді

Бүгінгі сабақта Нұрпейіс Байғаниннің «Амангелді батырым» өлеңімен танысамыз.

2) Ой қозғау сұрақтары

  • Амангелді батыр туралы не білеміз?
  • Нұрпейіс Байғанин кім?
  • «Азаттық» сөзін қалай түсінеміз?
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы не білеміз?

3) Мағынаны тану: қысқаша мәлімет

Нұрпейіс Байғанин (1860–1945)

Ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысы, Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданында) туған. Анасы әнші, домбырашы, ақын болған; Нұрпейіс ән айту өнерін анасынан үйренген. Суырыпсалма ақындар айтысында көзге түсіп, бала жыршы атанған.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873–1919)

Халық батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысының қаһарманы. Торғай уезі Қайдауыл болысында (қазіргі Амангелді ауданы) кедей малшы отбасында дүниеге келген. 1908–1909 жылдары Торғайда қарауыл солдаттарымен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылған. Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі ұлт-азаттық және революциялық қозғалыстың өрістеуіне ықпал еткен.

Топтық тапсырма (суретпен жұмыс)

I-топ

Суретті салған кім?

Ә. Қастеев

II-топ

Сурет қалай аталады?

«Амангелді сарбаздары»

III-топ

Суретші туралы не білесің?

IV-топ

А. Иманов туралы қысқаша әңгімеле.

IV. Ой толғаныс

Суретпен жұмыс: Әбілхан Қастеев

Әбілхан Қастеев (1904–1973) — әйгілі кескіндемеші, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Жастайынан қолөнер мен сурет өнеріне бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқу, сырмақ сыру, ши тоқу сияқты өнер түрлеріне шебер болған. Әбілхан бала кезінен халық өнерін көріп өсіп, анасына ою-өрнек салуға көмектесе жүріп, сурет салуға машықтанған.

Танымал туындылары: «Мақта жинау», «Түрксіб», «Колхоздың тойы», сондай-ақ Абай, Шоқан, Жамбыл портреттері. Ерекше танымал жұмыстарының бірі — Амангелді Иманов портреті.

Өлеңмен жұмыс

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар өлеңді топ ішінде кезектесіп оқиды.

Дереккөз белгісі

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ. Бастауыш сынып мұғалімі: Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна.