Артқа бұрыл
Сабақ тақырыбы: Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Қысқа мерзімді жоспар №37 · 1-сынып
Оқу мақсаты
1.2.2.2 — Оқушы әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керектігін біледі.
Сабақтың басы (8–10 минут)
1) Ұйымдастыру сәті
- Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында еске салу.
2) Саптық жаттығулар
Оңға бұрыл!
Солға бұрыл!
Артқа бұрыл!
Айнал!
3) Жүру үстінде орындалатын жаттығулар
- Қол желкеде, арқа түзу — өкшемен жүру.
- Қолды жанға созып — табанның сыртқы қырымен жүру.
- Қол белде — табанның ішкі қырымен жүру.
- Қолды жоғары көтеріп — аяқтың ұшымен жүру.
- Қолды алға созып — аяқтың ұшымен жүру.
- Жартылай отырып — қол тізеде немесе желкеде.
- Толық отырып жүру.
4) Жүгіру жаттығулары
- 1 Бірқалыпты жүгіру.
- 2 Оң жақ қапталмен — иықты алға айналдырып жүгіру.
- 3 Сол жақ қапталмен — иықты артқа айналдырып жүгіру.
- 4 Арқамен алға — басты сол иық жаққа бұра жүгіру.
- 5 Тізені көтеріп жүгіру (тізені мүмкіндігінше жоғары көтеру).
- 6 Аяқты артқа сермеп — өкшені алақанға тигізу.
- 7 Аяқты алға сермеп — қол белде, тізені бүкпей.
- 8 Оң және сол аяқпен секіріп жүгіру (екінші аяқты жерге тигізбей).
- 9 Жылдам жүгіру — бар екпінмен, дем алуды бірқалыпты ұстау.
- 10 Жеңіл жүгіріс — 2 айналым.
Демді қалыпқа келтіру жаттығулары
Жүгіруден кейін тыныс алуды реттеп, жүрек соғысын біртіндеп қалыпқа келтіру.
Жалпы дене дайындығы жаттығулары
Әр жаттығуды мұғалімнің көрсетуі мен санауы бойынша орындау ұсынылады. Б.Қ. — бастапқы қалып.
1) Б.Қ.: қол белде
- 1–4 — басты солға қарай қыздыру.
- 1–4 — басты оңға қарай қыздыру.
2) Б.Қ.: қол иықта
- 1–4 — иықты алға қарай айналдыру.
- 1–4 — иықты артқа қарай айналдыру.
3) Б.Қ.: қол алға
- 1–2 — оң қолды жоғары, алға-артқа сермеу.
- 3–4 — сол қолды жоғары, алға-артқа сермеу.
4) Б.Қ.: шынтақты айналдыру
- 1–4 — ішке қарай айналдыру.
- 1–4 — сыртқа қарай айналдыру.
5) Б.Қ.: қол кеуде тұста
- 1–2 — шынтақты бүге-жазу.
- 3–4 — шынтақты ашып-жазу.
6) Б.Қ.: қол белде
- 1–4 — белді оңға қарай айналдыру.
- 1–4 — белді солға қарай айналдыру.
7) Б.Қ.: қолды алға ұстау
- 1 — оң аяқпен сол қолдың ұшына тигізу.
- 2 — сол аяқпен оң қолдың ұшына тигізу.
- 3–4 — қайталау.
Құжат ақпараты
- Жоспар нөмірі
- №39
- Мектеп
- Қызылөзек орта мектебі
- Пән мұғалімі
- Қайырбекова Меруерт