Ылғалдылықты сипаттайтын шамалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты

Ауа ылғалдылығы және оның пайда болу себептерін түсіндіру, ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдармен таныстыру. Оқушылардың білімін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту; танымдық белсенділігін қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты

Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу. Эстетикалық, экологиялық және кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, баяндау, ойын элементтері.

Көрнекіліктер

Слайдтар, интерактивті тақта, психрометр, ұлттық ойын суреттері бар карточкалар.

Сабақтың барысы: «Саяхат» форматы

Бүгінгі сабақ «Ауа ылғалдылығы. Ылғалдылықтың маңызы» тақырыбында саяхат түрінде өтеді. Саяхат барысында ауа ылғалдылығының мәнін, оның пайда болу себептерін талдап, ылғалдылықты өлшейтін құралдармен танысамыз. Саяхатқа шығу үшін оқушылар көлік түрін өздері таңдайды.

1) Зеректілер елі

Білімді еске түсіру, билет алу

2) Білімділер елі

Жаңа ұғымдар мен деректер

3) Ойшылдар елі

Пікір, дәлел, маңызын ашу

4) Алғырлар елі

Құралдардың құрылысы, қолданылуы

1) Зеректілер елі: «Билет алу» сұрақтары

Саяхатқа шығу үшін оқушылар кассадан «билет» алуы керек. Ол үшін өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларға карточкалар таратылып отырады.

Сұрақтар тізімі

  1. Қаныққан бу дегеніміз не?
  2. Қаныққан бу қысымы неге тәуелді?
  3. Кризистік температура дегеніміз не?
  4. Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін қалай анықтаймыз?

2) Білімділер елі: жаңа білім мазмұны

Қарастырылатын мәселелер

  • Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
  • Атмосферадағы су буы
  • Ауа ылғалдылығының пайда болу себептері
  • Ылғалдылықты сипаттайтын шамалар
  • Ылғалдылықты өлшейтін құралдар

Негізгі анықтама

Ауа ылғалдылығы — ауадағы су буының мөлшері.

Жер бетіндегі су

Жер шары бетінің шамамен 70,8%-ын алып жатыр.

Тірі ағзалардағы су

Құрамында 50–99,7% су болуы мүмкін.

Атмосфералық су буы ауа райы мен Жер климатына әсер етеді.

Ылғалдылықтың пайда болуына әсер ететін факторлар

Ылғалдылықтың артуына және атмосферада су буының жиналуына әртүрлі құбылыстар ықпал етеді: қар, бұршақ, жаңбыр, қырау және т.б. (Тақырыпқа сай видеофрагменттер көрсетіледі.)

Ылғалдылықты сипаттайтын шамалар

  • Су буының парциал қысымы
  • Салыстырмалы ылғалдылық
  • Абсолют ылғалдылық

3) Ойшылдар елі: ылғалдылықтың маңызы

Пікір айтуға кіріспе

Қ. Мырзалиевтің «Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте; өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзіне сүйене отырып, оқушылардың өз ойын жинақы әрі дәл жеткізуіне мән береміз. Осы бөлімде ылғалдылықтың маңызы туралы дайындалған пікірлер тыңдалады.

Қолданылу аялары

  • Метрологияда
  • Тоқыма, кондитер және басқа да өндіріс салаларында
  • Адам ағзасы үшін (денсаулық пен жайлылыққа әсері)
  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде

4) Алғырлар елі: ылғалдылықты өлшейтін құралдар

Психрометр

Оқушылар психрометрдің құрылысын түсіндіреді: оның қандай бөліктерден тұратынын және жұмыс істеу принципін сипаттайды (слайдтар қолданылады).

Ойлануға сұрақ

Егер сізге бірнеше психрометр берілсе, оларды қай мекемелерге орналастырар едіңіз? Неліктен?

Гигрометр

Гигрометрдің түрлері мен қолданылу аймақтары қарастырылады (слайдтар арқылы).

Шаш гигрометрі

Шаш гигрометрінің құрылысы мен жұмыс қағидасы суреттер арқылы түсіндіріледі.

Сабақты бекіту: қорытынды сұрақтар

  1. Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
  2. Ылғалдылықты қандай шамалармен сипаттаймыз?
  3. Ылғалдылықтың қандай маңызы бар?
  4. Ылғалдылығы жоғары болатын Қазақстанның аймақтарын атаңыз.
  5. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдарды қайда пайдалануға болады?

Бағалау

Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, кері байланыс беріледі және оқу жетістігі бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Б.А. Кронгарт, «Физика» (10-сынып): тақырыпты оқып, түсінік айту.
  • Ғаламтордан қосымша мәліметтер іздеу.