Математикалық вальс

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, пәнді тереңірек меңгеруге деген құштарлығын қалыптастырады. Осы бағытта 6-сынып оқушылары арасында «Қызықты математика» атты топтық сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық

Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, пәнге қызығушылыққа және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекілік және түрі

Газеттер, логикалық тапсырмалар. Сайыс түрі — топтық.

Жоспары

  1. 1

    Таныстыру (команда газеті, эмблема)

  2. 2

    Викториналық сұрақтар

  3. 3

    Топтық сайыс (берілген тапсырманы орындау)

  4. 4

    Математикалық вальс

  5. 5

    «Кім жылдам?» (сандарды құрастыру)

  6. 6

    Капитандар сайысы (математикалық терминдер)

  7. 7

    Жанкүйерлер сайысы (мақал-мәтел)

  8. 8

    Математикалық фокус көрсету

Сайыстың барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Көңілді математика» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық, сендер бізге жақын келсін.
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсін...

Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Екі команда есептен сайысқа түседі. Ендеше, топтарды ортаға шақырамыз!

Енді сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазы алқасын таныстырамыз.

I кезең — Таныстыру

Әр топ өз командасын таныстырады: атауы, эмблемасы және «команда газеті».

II кезең — Викторина

Әр топқа қысқа сұрақтар қойылып, жылдам әрі дәл жауап беру талап етіледі.

II кезең — Викториналық сұрақтар

I топ

  1. 1. Бұрышты өлшейтін құрал — транспортир.
  2. 2. Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс — сызғыш.
  3. 3. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Қаншасы қалды? — 1.
  4. 4. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? — 0.
  5. 5. Ең кіші натурал сан — 1.
  6. 6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш — квадрат.
  7. 7. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда — диаметр.
  8. 8. Бір жазықтықта қиылыспайтын екі түзу — параллель түзулер.

II топ

  1. 1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Олар — 1, 2, 3.
  2. 2. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? — бесбұрыш.
  3. 3. Жазыңқы бұрыштың шамасы — 180°.
  4. 4. Шеңбер сызатын құрал — циркуль.
  5. 5. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш — тіктөртбұрыш.
  6. 6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу — перпендикуляр түзулер.
  7. 7. Қандай сандар 0-ден үлкен? — оң сандар.
  8. 8. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар — жай сандар.

III кезең — Топтық сайыс

Математика мен физикадағы көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылуына түрлі себеп пен әсер бар. Мысалы, әйелдер арасынан шыққан тұңғыш математиктердің бірі — София Ковалевская. Айтуға қарағанда, бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне тұсқағаз жапсырғанда, жетпей қалған жеріне математика кітабының бір бетін жапсырыпты. Сол беттегі өрнекті күнде көрген қыздың қызығушылығы артып, кейін әлемге әйгілі ғалымға айналған.

I топтың тапсырмасы

Суретте неше үшбұрыш бар?

II топтың тапсырмасы

Суретте неше шаршы бар?

IV кезең — Математикалық вальс

Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт.

Қатысушыларға алдын ала дайындалған сөздер (ұғымдар) таратылады. Музыка ойнағанда әрқайсысы өзіне сәйкес жұбын тауып, «жұптасуы» керек.

I топ мүшелеріне

  • Интервал
  • Кесінді
  • Жартылай интервал
  • Ашық сәуле

II топ мүшелеріне

  • Сәуле
  • Сәуле
  • Сәуле

V кезең — «Кім жылдам?»

Екі топтың мүшелеріне цифрлар беріледі. Жүргізуші санды оқығанда, қатысушылар өзіндегі цифрға сай тез орналасып, орындыққа отыруы тиіс.

Оқылатын сандар

123450 134205 104253 425301 254013 531420 243051 352014

VI кезең — Капитандар сайысы

Білімнің биігі — әркімге ортақ мақсат. Ендеше, терминдерді қайталап, ортаға топ капитандарын шақырайық.

Капитандар кезектесіп математикалық терминдерді айтып жарысады: теорема, аксиома, радиус, диаметр, шеңбер, интервал және т.б.

VII кезең — Жанкүйерлер сайысы

Жанкүйерлер математикаға, санға, цифрға қатысты мақал-мәтелдер айтады. Мысалдар:

  • «Сегіз қырлы, бір сырлы.»
  • «Ел құлағы — елу.»
  • «Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.»

VIII кезең — Математикалық фокус

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.
Сайыстарда өзімізді саралап,
Сиқырларды көрсетеміз, қалыспа.

Топтар үй тапсырмасы ретінде дайындаған фокустарын көрсетеді. Мысалы, шырпының көмегімен немесе «сиқырлы квадраттар» арқылы орындалатын фокустар:

Фокус 1

«Сіздің туған күніңіз» атты математикалық сиқыр.

Фокус 2

«Сіз ойлаған жануар» математикалық фокусы.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Түйін

Негізі бар ғылымның — математика,
Жалықпай оқып-үйрен тек қана.
Білімнің есігін ашты, көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская.

Бүгінде математика барлық жерде: құрылыста, техникада, өндірісте. Бұл ғылымның сырларын үйреніңдер, жас достар — зерделікпен меңгеріңдер.