Қазақстанда болған оқиға
Сабақтың тақырыбы
«Тарих — ғасырлар куәсі» тарихи-танымдық сайыс.
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі
Ашық тәрбие сағаты.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Нақыл сөздер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын бақылау.
- Тарих пәніне қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
- Тарихи деректер бойынша тапсырма құрастыру дағдысын дамыту.
- Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жетілдіру.
- Өз пікірін дәлелдеп, қорғай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.
- Тарихты оқып-үйренуге ынталандырып, ұлттық намысты қалыптастыру.
- Ерлікке, батырлыққа, Отанды сүюге, оған қызмет етуге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу.
«Тарих рецептпен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт — сол».
— Ермұқан Бекмаханов
Сайыс туралы
«Тарих — ғасырлар куәсі» атты тарихи-танымдық сайысқа қош келдіңіздер! Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысады. Олар осы уақытқа дейінгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін ортаға салады.
Сайыстың әділ бағалануы үшін әділқазылар алқасы жұмыс жүргізеді.
Сайыс бағдарламасы
Өткел кезеңі
Жылдам сұрақтар-
Тарихқа саяхат
Әр оқушыға 10 сұрақ. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
-
Әріптер сөйлейді
Жауап алфавиттегі берілген әріптен басталады немесе аяқталады. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
-
Тарихи оқиғалар
Слайдта берілген уақыт аралығына сәйкес оқиғаны анықтау. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
Самғау кезеңі
Логика + дәлдік-
Тапқыр болсаң, тауып көр (хронология)
10 минут беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
-
«Иә» ма, «Жоқ» па?
Әр оқушыға 5 сұрақ. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
-
Тарихи көмбе
Тарихи терминдер мен ұғымдардың мағынасын ашу. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
Осы екі кезең қорытындысы бойынша 50 балл жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шарықтау кезеңі
Талдау-
Тарихи басқатырғыш
Басқатырғыштан дұрыс жауапты табу. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
-
Ойды аяқтау
20 сұрақ. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
-
Кім, не жазған…
Слайдтағы сөздердің авторын анықтау. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
Осы кезеңнен кейін ең көп балл жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шырқау кезеңі
Шығармашылық-
Қазақстан мәдениеті
Мәдени-тарихи білімді тексеруге арналған бөлім.
-
Суреттер сыр шертеді
Суреттегі тұлға немесе оқиға туралы баяндау. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
-
Эрудит
Басқа пән мұғалімдері сұрақ қояды. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
Жерұйық кезеңі
Супер ойынЖеңімпаз атанған оқушымен супер ойын ойнатылады.
Сайысты бастауға арналған шумақ
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра, шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
Олай болса, сайысымызды бастайық.
«Әріптер сөйлейді» тапсырмасына үлгілер
Төмендегі жұптар — әріпке сәйкес келетін сұрақ-жауап үлгілері (оқушы жауабы берілген әріптен басталады).
А
Еліміздің оңтүстік астанасы
Алматы
Ә
Абылай ханның шын есімі
Әбілмансұр
Б
Астана қаласының символы
Бәйтерек
В
1993 жылғы 15 қарашадағы тарихи оқиға
Валюта енгізілді
Г
«Тарихтың атасы»
Геродот
Ғ
Н. Назарбаевқа берілген атақ
Ғасыр адамы
Д
Әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығы
Дін
Е
Алтын адам табылған орын
Есік қорғаны
Ё
Конституция құрылымы
9 тарау, 98 бап
Ж
«Мен қазақпын» поэмасының авторы
Жұбан Молдағалиев
З
Сиырдың пірі
Зеңгі баба
И
Елбасымыздың мамандығы
Инженер-металлург
Й
Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы
Халифа Алтай
К
Қазақтың соңғы ханы
Кенесары
Қ
Ж. Баласағұнидің XI ғ. еңбегі
Құтты білік
Л
Кеңес үкіметінің басшысы
Ленин
М
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Мұхтар Құл-Мұхаммед
Н
Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы
Нұрғиса Тілендиев
Ң
Қазақстанның ең биік шыңы
Хантәңірі
О
Қазақстанның алғашқы астанасы
Орынбор
Ө
Түсті металлургия орталығы
Өскемен
П
Жоғарғы заң шығарушы орган
Парламент
Р
1995 ж. энциклопедияға енген тұлға
Роза Бағланова
С
Сүтке араластырып жейтін тағам
Сөк
Т
Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған мемлекет
Түркия
У
Төлдегеннен кейінгі алғашқы сүт
Уыз
Ұ
КСРО мен Германия арасындағы соғыс
Ұлы Отан соғысы
Ү
Жыл мезгілін анықтауға негіз болған жұлдыз
Үркер
Ф
«Екінші ұстаз» атанған ғұлама
Әл-Фараби
Х
2009 ж. Қазақстанда өткен оқиға
Халық санағы
Һ
Ерен еңбегі мен тәуелсіздік жолындағы күресі үшін берілетін атақ
Халық Қаһарманы
Ц
Астананың бұрынғы атауы
Целиноград
Ч
Қазақтың ұлы ақыны
Абай
Ш
Көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы
Шәмші Қалдаяқов
Щ
Тәуелсіздікке толған жыл саны
22 жыл
Ъ
Халықаралық тіл
Орыс тілі
Ы
Қазақтан шыққан суретші қыз
Гүлфайрус Ысмайылова
І
«Көшпенділер» трилогиясының авторы
Ілияс Есенберлин
Ь
Қазақстандағы ең биік тау жүйесі
Тянь-Шань
Э
Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді зерттейтін ғылым
Этнография
Ю
Қолданбалы өнер жетістіктерінің бірі
Ою
Я
Кеңес Одағы Батыры атанған мерген
Әлия Молдағұлова
Қорытынды
Бұл ашық тәрбие сағаты оқушылардың білімін жүйелеуге, тарихи ойлауды дамытуға және жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарын нығайтуға бағытталған. «Тарих — ғасырлар куәсі» сайысы арқылы оқушылар дерекпен жұмыс істеуді, дәлел келтіруді және өз ойын сенімді жеткізуді тәжірибеде қолданады.