Жоқ қой

Мұқағали Мақатаев

Пабло Нерудаға ескерткіш.
1
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Ақын келсе өмірге, қуанамын,
Ақын өтсе өмірден - жылағаным.
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Барлық ақын - бауыры тірі адамның!
Тұтандырсам бірінен жыр алауын,
Бірінен қасиетті сыр аламын.
Тәңір деген жоқ қой,
Жоқ!
Бар болса егер,
Ақындарға тиме деп сұранамын.
Ақын - халық перзенті қашаннан да!
Халқыменен қартайған, жасарған да.
Болашағын халқымен қоса армандап,
Ақын туған, дүние жасалғанда.
Момын өтпес ақыннан қашаннан да.
Өмірге нұр, қаһарын шашар жауға.
Өткен, сірә, ақыннан асау бар ма?!
Жазмыш деген жоқ қой,
Жоқ! Бар болса егер,
Тиме дер ем ақынға, асау жанға!
Бұйырар ем жендетке бас алмауға
Өлді ақындар...
Ақындар туар тағы,
Талай - талай ұрпақты қуантады.
Қаза болар ғасырлар, замандар да,
Адамдарға жырымен тұмар тағып,
Тірі Байрон, Пушкиндер тұрар тағы!
Тарих па?
Тарих қуаң тартып,
Қуаң тартып, алыстан мұнартады.
Ал ұрпақтар шындыққа құмартады.
Ақиқатты іздейді, табады олар -
Паблоны, Хосені, Лорканы...
Біледі олар бір кезде таң да атқанын,
Атқан таңның азапты зардаптарын,
Кешіп жүріп ғасырдың қан - батпағын,
Азаптанып жаңа өмір орнатқанын -
Құрбан болған Бостандық солдаттарын
Мен сеземін ұрпақтар ардақтарын!!!
О, Бостандық!
Мен сені құдай көрем.
Құла десең, алдыңа құлай берем.
... Чили! Чили!
Ақынын аза тұтып,
Күңіреніп күй, күйзеліп жылайды өлең.
Жоқ қой. Жоқ! Жоқ!
Бар болса құдай деген,
Тура қарап жүзіне былай дер ем:
Тағы да қан,
Тағы ойран танымалы.
Тағы да дар...
Тағы кім таңылады?!
Тағы түрме...
Тағы кім жабылады?!
Кандыбалақ қарақшы қару алып,
Аңырады адамдар, аңырады.
Бостандығын халқының қайтарып бер,
ЬІрза болсын ақынның аруағы!!!
Топырақтан, тозаңнан теріп келген,
Бостандығын бер оның өліп көрген!
Қара күшке сенбісің желік берген?
Вольпарамса ілесіп бара жатыр,
Бостандықтың құрбаны - өліктермен.
Өліп көрген айрылған ерікті елден,
Паблоға, бар болсаң, бостандық бер,
Отанымен қоштассын келіп көрден.
Соқтығыс басталғанда сойқаңдаған,
Сорлы ақын соңғы сөзін айта алмаған.

Толық нұсқасын жүктеу

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Қой сүтінің құрамы мен қасиеттері
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Қара көл қой тұқымын өсіру селекциялық жұмыстың негізгі әдісі
Асыл тұқымды қой шаруашылығын қолдау шаралары
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
САРТҰЛЫ ҚОЙГЕЛДІ
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары және олардың қызметтері.
Басқару есептерінің қойылымы Технологиялық урдістерді оперативті басқарудың негізгі есебі
Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Техникалық қызметшілерге қойылатын талаптар.
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал
Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Сөз жоқ, мынау сол қыздың бет пішіні