Электронды оқулық
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні мен сыныбы
Қазақ тілі, 2-сынып
Тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақ түрі
Дамытпалы сабақ
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты
Білімділік
- Оқушыларға зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру.
- Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді түсіндіріп, оларды сөйлем ішінен табуға жаттықтыру.
Дамытушылық
- «Кім жылдам?», «Кел ойнайық» ойындары және суретпен жұмыс арқылы оқушылардың есте сақтауын, сөйлеу тілін, дүниетанымын дамыту.
- Танымдық қабілетін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, өз ойын ашық әрі еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты, әдемі әрі таза жазуға баулу.
- Бір-біріне құрметпен қарауға, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар мен әдістер
Көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Ішінара ізденушілік және зерттеушілік тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ойын арқылы ойлау
Пәнаралық байланыс
Негізгі ұғымдар
Жекеше түр және көпше түр; сұрақтар: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу, сыныптың оқу құралдарының дайындығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
III. Топқа бөлу
Оқушылар себеттен көкөніс немесе жеміс суреттерін бір-бірден алады. Көкөніс алғандар — «Көкөністер» тобына, жеміс алғандар — «Жемістер» тобына орналасады.
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Зат есім дегеніміз не?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
Тапсырма
Жалқы және жалпы есімдерді тауып, бөліп жазыңдар:
М. Әуезов, Әміре, орман, дәрігер, Ақтөс, Ертіс, тау, дәптер, Бала би
V. Жаңа сабақ
1) Электронды оқулық
Тақырыпқа қатысты түсіндірме материалды тыңдау және негізгі ережелерді бекіту.
2) Слайдпен жұмыс
Мысық → мысықтар
Қыз → қыздар
Сиыр → сиырлар
Шар → шарлар
Жекеше сөзге көптік жалғауы жалғанғанда, зат есім көпше түрге айналады.
VI. Кітаппен жұмыс
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
VII. Сергіту сәті
«Қамажай» биі.
VIII. Дәптермен жұмыс
Электронды оқулықтағы тапсырмалар бойынша жазба жұмысы.
Тапсырма 21
Зат есімдерді жекеше түрден көпше түрге айналдырып жазыңдар:
Бала — ______
Қоян — ______
Тау — ______
Өзен — ______
Журнал — ______
Тіл дамыту: ребус және мәтінмен жұмыс
IX. Ребусты шешу
Ребус нәтижесі: Инеліктер.
Инелік туралы қысқаша танымдық мәтін
Инеліктің көзі үлкен, құрсағы ұзын. Денесі көбіне көк түсті болады. Ол өзендер мен бұлақтардың маңында тіршілік етеді.
Жұмыртқасын ащылау не тұщы суға, ылғалды топыраққа, кейде өсімдік сабағына бір-бірден немесе топтап (300 жұмыртқаға дейін) салады.
Инеліктің пайдасы зор: ол маса, сона, шыбын сияқты жәндіктерді жеп, табиғатқа пайда келтіреді. Ал инеліктің өзін балықтар мен су құстары қорек етеді.
Қазақстанда инеліктің кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген.
X. Шығармашылық жұмыс
«Қысқы күндер — көңілді» тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрау.
XI. Білімдерін пысықтау
- Жекеше және көпше түрді ажырату.
- Сөйлем ішінен Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.
- Көптік жалғауларды орынды қолдану.